Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" N 2162 Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) бастапқы, орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар (әрі қарай-жұмыссыз жастар) арасында "Жастардың іс-тәжірибесі" жұмысын өткізуді ұйымдастырсын;
2) жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен алты айдан аспайтын мерзім уақытқа дейін шарт жасасын;
3) жұмыссыз жастардың ай сайынғы жиырма мың теңге көлеміндегі еңбек ақылары олардың есеп шоттарына аудару арқылы төленсін.
2. "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-02-103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бюджеттік бағдарлама бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
3. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы "Жұмыссыз жастарға арналған "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру туралы" N 147 Қаулысының (Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 18 маусымында N 8-13-65 болып тіркелген, 2009 жылдың 20 маусымында "Қарқаралы" газетінде N 47-48 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Серік Смағамбетұлы Дюсетаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қарқаралы ауданының әкімі Н. Омарханов