Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 8 шешіміне толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 25 сессиясының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 7 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 сәуірде N 8-11-91 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 9 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы мәслихатының 27.06.2014 № 9 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 8 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-56 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2008 жылғы 12 шілдедегі N 28 санында жарияланған), Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының "Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 8 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" N 8 шешімімен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-67 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2009 жылғы 24 қаңтардағы N 3 санында жарияланған) енгізілген өзгеріспен және толықтырумен бірге төмендегі толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасында:
      екінші абзац "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне" деген сөздерден кейін "және оларға теңестірілген адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға;".
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            К. Айтбаева

      Мәслихат хатшысы                           А. Жүніспеков