Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландырудың ережесіне сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің тізімі, жұмыс түрлері мен көлемдері осы қаулыға қоса берілген қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбекақы мөлшері Қазақстан Республикасында бекітілген ең аз еңбекақысынан төмен емес, толық емес жұмыс күні немесе оралымды кесте бойынша жұмыс істеу мүмкіндігімен бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарда істейтін азаматтардың еңбек төлемі жергілікті бюджет қаражатынан қамтамасыз етілсін.
4. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган (Баян Райқанқызы Муталяпова) нақты еңбек жағдайларын көрсетіп, жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгі шарттарды жасасын.
5. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы N 28/05 "2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Абай ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 11 желтоқсанда N 8-9-69 тіркелген, 2010 жылғы 1 қаңтардағы N 1-2 және 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 17 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) қаулысы және Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 наурызындағы N 04/27 "Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы N 28/05 "2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Абай ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 7 сәуірдегі N 8-9-78 тіркелген, 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 19 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.
Абай ауданының әкімі Е. Нашаров
Абай ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 14 желтоқсандағы
N 28/16 қаулысына
қосымша
2011 жылға Абай ауданының кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің
тізімі
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер |
Адам саны |
Жұмыстың ұзақтығы, (ай) |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
"Жігер-2004" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
360 |
1 |
Тұрғын үй массивтерінің аумақтарын қоқыстардан, қардан тазарту, қаланы көгалдандыру |
Абай ауданы әкімінің аппараты |
4 |
3 |
Бөлiмдердiң құжат айналымындағы көмек, мұрағат және курьерлік жұмыс |
Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты |
1 |
2 |
Малды қайта есептеуде көмек |
Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты |
1 |
1 |
Малды қайта есептеуде көмек |
Есенгелді ауылдық округі әкімінің аппараты |
1 |
2 |
Малды қайта есептеуде көмек |
Қарағанды ауылдық округі әкімінің аппараты |
1 |
2 |
Малды қайта есептеуде көмек |
Карабас кенті әкімінің аппараты |
1 |
2 |
Малды қайта есептеуде көмек |
Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты |
1 |
2 |
Малды қайта есептеуде көмек |
Құлаайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты |
1 |
2 |
Малды қайта есептеуде көмек |
Курмин ауылдық округі әкімінің аппараты |
13 |
2 |
Санитарлық тазарту және көркейту, Малды қайта есептеуде көмек |
Самарка ауылдық округі әкімінің аппараты |
1 |
2 |
Малды қайта есептеуде көмек |
Сарепта ауыл әкімінің аппараты |
1 |
1 |
Малды қайта есептеуде көмек |
Топар кенті әкімінің аппараты |
32 |
2 |
Санитарлық тазарту және көркейту, салық жинауға, малды қайта есептеуде көмек |
Юбилейное ауыл әкімінің аппараты |
1 |
2 |
Малды қайта есептеуде көмек |
Южный ауыл әкімінің аппараты |
1 |
2 |
Малды қайта есептеуде көмек |
Абай ауданы бойынша зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы |
12 |
2 |
Зейнетақыны қайта есептеуге көмек, мұрағат және курьерлік жұмыс |
Абай ауданы бойынша салық басқармасы |
24 |
2 |
Салық жинауға көмектесу, курьерлік жұмыс |
"Кредо" үкiметтiк емес ұйым |
12 |
2 |
"Қайрымдылықтың үйi" бойынша әлеуметтік жұмыстарды орындау үшін көмек |
Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
12 |
1 |
Мұрағат және мемлекеттік балалар жәрдемақысы мен әлеуметтік атаулы көмек жәрдемақысын алуына құжаттарды жинауға көмектесу |
Абай ауданының қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі |
30 |
1 |
Әскерге шақыру және жазылу кампанияларын өткізу кезінде құжаттандыруға және шақыру қағаздарын таратуға көмектесу |
Абай ауданының статистика бөлімі |
12 |
1 |
Жеке кәсіпорындардың конъюнктурлық зерттеулеріне көмектесу, мұрағат, курьерлік және басқа жұмыстар |
Абай ауданының прокуратурасы |
12 |
1 |
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары, мұрағат, курьерлік және басқа жұмыстар |
Абай аудандық соты |
12 |
1 |
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары, мұрағат, курьерлік және құжат айналымына көмек |
Абай ауданының әдiлет басқармасы |
48 |
1 |
Құжаттандыруға көмек, мұрағат, курьерлік жұмыс |
Абай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмі |
6 |
2 |
Абай аудандық саябақтар, бақтар, көшелердiң бойынша дизайнер ресiмдеу, Архикад, Автокад компьютер бағдарламасы жұмыс орындау үшін |
Барлығы |
600 |