Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы N 36/01 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қарашада N 8-4-201 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш қаласының барлық меншік нысанындағы кәсiпорындарында, мекемелерiнде және ұйымдарында мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде жыл сайынғы жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
      2. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді жұмыс орындарына жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі                     Қ. Тейлянов