"Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Тәртібін бекіту туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 26 ақпандағы № 4-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 қарашадағы N 29-5 шешімі. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 желтоқсанда 112 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 5-6 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 21.07.2023 № 5-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес және Т.Рысқұлов аудандық әділет басқармасының 2010 жылдың 21 шілдесіндегі № 4-1100 ұсынымының негізінде Т.Рысқұлов аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1.Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 26 ақпандағы № 4-5 шешімімен бекітілген Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға ( жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-8-56 болып тіркелген, 2008 жылдың 29 наурызындағы № 26 (6339) "Құлан таңы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      6 тармақта:

      "банк " деген сөз "банктер арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "немесе пошта бөлімінде" сөздері алынып тасталсын.

      2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихат хатшысы
      С.Өскенбаев П. Сүлейменов