РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.«Тіркелген салық ставкалары туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 13-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-5-74 болып тіркелген, 2009 жылдың 4 наурызында № 27 аудандық «Қордай шамшырағы»-«Кордайский маяк» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған шешімінің қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы хатшысы
Ф. Байбекова Т. Сүгірбай
Қордай аудандық мәслихатының
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 27-5 шешіміне қосымша
Қордай аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 қаңтардағы
№ 13-5 шешіміне қосымша
Қызметін Қордай ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары
№ |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
2. |
Бильярд үстелі |
3 |
3. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
5 |
4. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
10 |