Балпық би кенттік округіне қарасты, Балпық би кентіндегі көшелердің атын өзгерту туралы

Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би кенттік округі әкімінің 2010 жылғы 17 наурыздағы N 1 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 02 сәуірде N 2-14-92 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын басшылыққа алып, Балпық кенттік округі тұрғындарының пікірін және Көксу аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Балпық кенттік округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Көксу ауданы Балпық кенттік округіне қарасты, Балпық би кентіндегі Желтоқсан көшесі Д.А. Қонаев көшесі болып, жаңадан салынған 11-ші көше Ілияс Жұмабек көшесі болып және 12–ші көше Бейбітшілік көшесі болып атаулары өзгертілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балпық кенттік
      округінің әкімі                            Ә. Қалиева