Октябрь селолық округіндегі Байсеит ауылындағы атауы жоқ көшеге жаңа атау беру туралы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават селолық округі әкімінің 2010 жылғы 03 маусымдағы N 17 шешімі. Алматы облысы Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 10 маусымда N 2-8-153 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Октябрь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Октябрь селолық округіндегі Байсеит ауылындағы атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысы ардагері Валидин Низамдинов көшесі атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Октябрь селолық
      округінің әкімі                            Е. Байбөриев