"Дөң" ауылдық округіндегі көше атауын өзгерту туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы "Дөң" ауылдық округ әкімінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 8 шешімі. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 мамырдағы N 3-12-119 тіркелді

Жаңартылған
      Сноска. Шешімнің деректемелері, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылдық округінің әкімінің 20.07.2015 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Сноска. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылдық округінің әкімінің 20.07.2015 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтарындағы № 148 Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және "Дөң" ауылдық округінің қоғамдық кеңесінің шешімін басшылыққа алып, "Дөң" ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Дөң" ауылдық округіндегі 40 лет КазССР көшесі Есболсын Козбагаров көшесі деп өзгертілсін.
      2. Осы шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      "Дөң" ауылдық округінің әкімі: Д. Тұрлыбаев