Алтықарасу селосындағы көше атауын өзгерту туралы

Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу селолық округі әкімінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 12 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қарашада № 3-10-135 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтар № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес Алтықарасу селолық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Алтықарасу селосындағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Тасқабақ көшесі Бақаев Қаблен көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтықарасу селолық округі әкімі:                      Е.Төлеуов