Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Көтібар батыр ауылының көше атауын өзгерту туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 маусымда № 3-9-127 тіркелді

Қолданыстағы

      2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 16 бабының және Көтібар батыр ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Көтібар батыр ауылының «Степная» көшесі «Еңбек» көшесі деп өзгертілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкемер ауылдық округі әкімі             Ә.Қ.Қалмұрзаев