Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Жарық ауылының көше атауын өзгерту туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 31 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қаңтарда № 3-9-137 тіркелді

Қолданыстағы

      2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 16 бабының және Жарық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жарық ауылының «Школьная» көшесі «Бауыржан Момышұлы» көшесі, «Заречная» көшесі «Тәуелсіздік» көшесі, «Совхозная» көшесі «Ахмет Байтұрсынұлы» көшесі деп өзгертілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкемер ауылдық округі әкімі         Ә.Қ.Қалмұрзаев