Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі кіріспе бөліміндегі «аульного» сөзі «сельского» сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 28.11.2014 № 36 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 16 бабының және Көтібар батыр ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Көтібар батыр ауылының «Школьная» көшесі «Достық» көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкемер ауылдық округі әкімі | Ә.Қ.Қалмұрзаев |