Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне толықтыру енгізу туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 166 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 18 мамырда № 3-8-115 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1) Аудандық мәслихаттың «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 18 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-47, 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Мәртөк тынысы» № 5 және 2008 жылғы 9 сәуірдегі «Мәртөк тынысы» № 16 газеттерінде жарияланған); «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына үстемақы белгіленуі туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 39 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-51, 2008 жылғы 23 сәуірдегі «Мәртөк тынысы» № 18 газетінде жарияланған); «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы сессиясының «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» № 18 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 24 шілдедегі № 55 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-58, 2008 жылғы 20 тамыздағы «Мәртөк тынысы» № 34 газетінде жарияланған) шешімдеріне мынадай толықтыру енгізілсін:
      мәтінінде «жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздер «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                  Адандық мәслихат
    сессиясының төрағасы                     хатшысы

        М.Ермұқанов                        А.Смағұлов