Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 48 «Мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысының (нормативтік – құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-100 тіркелген, аудандық «Қарғалы» газетінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 20-21 (4526-4527) жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
1 тармақтағы «кәсіпорындар мен ұйымдарға меншік түріне қарамастан мүгедектерге, жалпы жұмыс орындарынан 3 пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін» деген сөздерінен кейін «және мүгедектер үшін арнайы, сондай – ақ әлеуметтік жұмыс орындары құрылсын» деген сөздермен толықтырылсын
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Сағиев