Мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 48 қаулысы. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 наурызда № 3-6-100 тіркелді. Күші жойылды - (Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімі аппаратының басшысының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 04-8/1708 хаты)

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды – (Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімі аппаратының басшысының 15.04.2014 № 04-8/1708 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2, 5-3 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1 және 3 тармақшаларына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдем ету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіпорындар мен ұйымдарға меншік түріне қарамастан мүгедектерге, жалпы жұмыс орындарынан 3 пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін және мүгедектер үшін арнайы, сондай – ақ әлеуметтік жұмыс орындары құрылсын.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2010.09.24 № 319 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 4 қарашадағы № 278 "Мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын квоталау туралы" қаулысының (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-26 тіркелген, аудандық "Қарғалы" газетінің 2005 жылғы 4 қарашадағы № 48 (44278) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 34 "Мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндгі қосымша шаралар туралы" қаулысы бұзылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Д.Тынымгереевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Жұмағазиев