Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы қаулысына сәйкес және Ырғыз селолық округіне қарасты Ырғыз селосының тұрғындарының пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз селолық округіне қарасты Ырғыз селосындағы бір көшеге Еңбек ардагері, құрылысшы Садықов Бақберген есімі берілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі: Н.Қызбергенов