Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 331 "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру шарттарын анықтау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 410 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 қаңтарда № 3358 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің «Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру шарттарын анықтау туралы» 2009 жылғы 12 қарашадағы № 331 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3303 тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде 2009 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 тармағының 1 тармақшасы:
      «Ақтөбе қаласындағы және аудандардағы мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша тендерді ұтып алған тұлғаларға мектептерде жайлар беру» жолымен толықтырылсын;
      «мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша» деген сөздер «баланс ұстаушының ұсынысы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) Түскен өтінімдерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау Жалға берушімен олардың түскен кезінен бастап бір айлық мерзімде, мынадай құжаттары бар болған жағдайда жүргізіледі:
      объектінің баланс ұстаушысынан келісім-хат;
      құрылтай құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);
      жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің, төлқұжатының немесе жеке басын куәлендіретін басқа құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;
      Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі»;
      «5) Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ, аудандық және қалалық қаржы бөлімімен жүзеге асырылады»;
      2 тармағы мынадай редакцияда оқылсын:
      «2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі коммуналдық меншік объектілерін жалға алу төлемі мөлшерлемесінің есебін анықтасын.»
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі. 

      Облыс әкімі                               Е.Сағындықов