«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 Заңының 1-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 27-баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011.12.07 № 439 Шешімімен және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011.12.07 № 410 Қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. «Жем-Шалқар» және «Ақтөбе-Шалқар» темір жол бағыттары әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынастары болып анықталсын.
2. Әкімдіктің осы қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е.САҒЫНДЫҚОВ
Облыстық
мәслихаттың хатшысы Б.ОРДАБАЕВ
Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы Ж.СЕЙІТПАҒАМБЕТОВ