Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Бурабай аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1) Мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек берілсін:
бір жолғы материалдық көмек отбасының (азаматтардың) табысын есептемей беріледі:
1. жерлеуге:
қайтыс болған балаға;
қайтыс болған жұмыссыз азаматтарға, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту уәкілетті органында есепте тұрса - он айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді. Өтініш қайтыс болған күннен 6 ай ішінде берілуі қажет;
2) тұрмысы төмен, көпбалалы отбасынан және ауылдық жерден колледждерде оқып жатқан студенттерге оқу жылының жылдық төлемі төленеді;
3) туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақтану үшін 5000 теңге көлемінде;
4) мүгедектер мен мүгедек балаларға Қазақстан Республикасының тиісті медициналық мекемелерінде емделуге немесе тексерілуге бару – келу жолақысы жол жүру билеті негізінде төленеді.
2. Отбасының ай сайынғы табысы есептелмей берілетін көмек:
1) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерінде, геттоларында және басқа да күшпен ұстаған жерлерінде жасы кәмелетке жетпеген тұтқындарына–бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, дәрігерлік сараптама коммисиясының шешімі бойынша подгузник алуға – 5000 теңге мөлшерінде;
3) мүгедек балалардың емдеу мекемелеріне баруы үшін, қала бойынша ақысыз жүруіне;
3. Щучье аудандық маслихатының «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-141 тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтарда «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жарияланған) 2008 жылғы 13 қарашадағы № С–9/3, Щучье аудандық маслихатының «Щучье аудандық маслихатының 2008 жылғы 13 қарашадағы № С–9/3 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-141 тіркелген, 2009 жылғы 18 маусымында «Бурабай» және «Луч» газетерінде жарияланған) 2009 жылдың 24 сәуірдегі № С–13/14, күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан туындаған қатынастарға таралады.
5. Осы шешім Ақмола облысы Бурабай аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
XXV сессиясының төрағасы Н.Туманова
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г.Марченко
«КЕЛІСІЛДІ»
«Бурабай ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы О.Шестибрат
Бурабай ауданының әкімі В.Н.Балахонцев
«Бурабай ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.А.Тінәлинова
«Бурабай ауданының
қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы В.И.Корнеева