Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шортанды ауданының селолық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2010 жылы – үш айлық есептік көрсеткіште бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы Н.Ткаченко
Аудандық мәслихаттың хатшысы Г.Скирда
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі С.Қамзебаев
Шортанды ауданының
«Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы О.Мут
Шортанды ауданының
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж.Мұнтаева