Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен немесе белгілі жағдайларда шұғыл әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға;
жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – мүгедектерге;
жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – зейнеткерлерге;
жылына бір рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, Чернобыль атом электр стансасындағы апат салдарынан мүгедек болған тұлғаларға;
жылына бір рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - онкологиялық ауруларына және туберкулезбен ауратындарға;
жылына бір рет ауылдық жерлердегі табыстары аз, көп балалы отбасыларынан шыққан, колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге;
жылына бір рет оқу ақысын төлеу үшін мүгедек-студенттерге;
жылына бір рет 175 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - денсаулық сақтау мекемесіне жұмыс істеуге келген жас мамандарына;
жылына бір рет 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - Есіл ауданының еңбек нарығындағы жоғарғы оқу орындарының қажетті мамандықтарында білім алу кезенінде ата-анасының қамқорлығысыз қалған жетім балаларға;
айсайын 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - аз қамтылған азаматтарға.
2.Күші жойылды деп танылсын:
Есіл аудандық мәслихатының «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 13/6 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2981 тіркелген, 2005 жылғы 14 ақпанда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешімі;
Есіл аудандық мәслихатының «Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 13/6 «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 15/7 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-104 тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешімі.
3.Осы шешім Ақмола облысы Есіл аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Қ.Тұрсынов
Аудандық мәслихат
хатшысы С.Құдабаев
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі С.Ерин
Ауданның жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы В.Чернецкая