Бесбидайық және Степное ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы

Ақмола облысы Астрахан ауданы Бесбидайық ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 1 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 шілдеде № 1-6-126 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2010 жылдың 14 сәуіріндегі Бесбидайық және Степное ауылдарының тұрғындары жиынның № 5,6 хаттамасын есепке ала отырып, Бесбидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Бесбидайық және Степное ауылдарының көшелеріне атау берілсін:
      Бесбидайық ауылының № 1 көшесіне - Андрей Коваленко атындағы атауы;
      Степное ауылының № 1 көшесіне - Орталық атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3.Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бесбидайық ауылдық
      округінің әкімі                            Н.Богинская

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Астрахан ауданының
      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бастығы                           М.Сексенбаев

      Астрахан ауданының
      «Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бастығы                           Н.Герасимова