Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес Атбасар ауданының әкімдігі қаулы етеді:
1. Атбасар ауданы әкімдігінің «2010 жылға Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2010 жылғы 18 тамыздағы № а-8/216 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-145 тіркелген, 2010 жылғы 8 қазанда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
атауы мен 1 тармақта «2010 жылға» сөздері алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі Р.Әубәкіров