Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № А-13/352 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № А-13/352 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
3. Осы қаулы Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі Р. Әубәкіров