«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Зеренді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 459 қаулысы мен Зеренді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 34-222 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысы Зеренді ауданының кейбір селолары басқа қоныстар категориясына көшірілсін:
Кусеп селолық округінің Айғыржал селосы, оны Кусеп селолық округінің Жамбыл селосының құрамына енгізіп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін;
Викторовка селолық округінің Қызылқайнар селосы, оны Викторовка селолық округінің Викторовка селосының құрамына енгізіп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін.
2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі С.Дьяченко
Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрайымы Г.Марченкова
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Ө.Мұсабаев