Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11 бабына сәйкес, Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № а-9/187 қаулысы, Егіндікөл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 4С-27-4 шешімі, Ерейментау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № а-2/78, № а-2/79 қаулылары, Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № 4С-23/6-10, № 4С-23/7-10 шешімдері негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2010 жылғы 30 маусымдағы, 2010 жылғы 30 қыркүйектегі шешімдеріне байланысты Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтерінің атаулары қайта аталсын:
1) Егіндікөл ауданы бойынша:
Ұзынкөл селолық округінің Қазақстанның 30 жылдығы селосы Тоғанас ауылына;
2) Ерейментау ауданы бойынша:
Павловка селолық округінің Павловка селосы Еркіншілік ауылына;
Павловка селолық округі Еркіншілік ауылдық округіне;
Новодолинка селолық округінің Новодолинка селосы Ақсуат ауылына;
Новодолинка селолық округі Ақсуат ауылдық округіне.
2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі С.Дьяченко
Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы Г.Марченкова
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Ө.Мұсабаев