Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын беру ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3338 тіркелген, 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Арқа ажары» газетінде, 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын беру ережелерінің 6 тармағы «, жылына бір рет, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай.» сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты М.Қамзебаев
Ақмола облыстық мәслихатының
сессиясының төрағасы хатшысы Ө.Мұсабаев