Зеренді және Целиноград аудандары бойынша Ақмола облысынының кейбір елді мекендері мен селолық округтерінің атауларын қайта атау және транскрипцияларын өзгерту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № А-4/106 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 4С-23-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 14 мамырда № 3359 тіркелді

Қолданыстағы

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабына сәйкес, Зеренді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі № 232 қаулысы мен Зеренді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 19-119 шешімі, Целиноград ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қазандағы № 239 қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 қазандағы № 150/23-4 шешімі негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2009 жылғы 23 желтоқсандағы шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтерінің атаулары қайта аталсын және транскрипциялары өзгертілсін:
      1) Зеренді ауданы бойынша:
      Чаглинка селолық округінің Первомайское селосы Ескенежал ауылына;
      Қанай би атындағы селолық округтің Октябрь селосы Желтау ауылына;
      Пухальск селолық округінің Пухальское селосы Мәлік Ғабдуллин ауылына;
      Пухальск селолық округі Мәлік Ғабдуллин ауылдық округіне.
      2) Целиноград ауданы бойынша:
      Челкар селолық округінің Егіндікөл селосы Шалқар ауылына;
      Челкар селолық округі Шалқар ауылдық округіне;
      Кощи селосы Қосшы ауылына;
      Кощи селолық округі Қосшы ауылдық округіне.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
      әкімі                                      С.Дьяченко

      Сессия төрағасы,
      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев