Егіндікөл, Жарқайың аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтерін тарату және құру туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № А-4/105 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 4С-23-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 14 мамырда № 3358 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 311 баптарына сәйкес және Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № А-12/314 қаулысы мен Егіндікөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-21-5 шешімі, Жарқайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысы мен Жарқайың аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-19/4 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтері таратылсын және қайта құрылсын:
      1. Егіндікөл ауданы бойынша:
      тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Бауман селолық округінің Жолан селосы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      2) Жарқайың ауданы бойынша:
      Баранкөл селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Нахимовка селолық округі, оның құрамына Баранкөл селосы мен Баранкөл селолық округінің таратылған аумағы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Зерноградское селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Жаңадала селолық округі, оның құрамына Зерноградское селосы мен Зерноградское селолық округінің таратылған аумағы енгізіліп, қайта құрылсын;
      Костычево селолық округінің Маяк селосы Костычево селолық округінің Донское селосының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін;
      Пригородное селолық округінің Западное селосы Пригородное селолық округінің Пригородное селосының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін;
      Шойындыкөл селолық округінің Шалғай селосы Шойындыкөл селолық округінің Шойындыкөл селосының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
      әкімі                                      С.Дьяченко

      Сессия төрағасы,
      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев