Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 9 ақпандағы № 341/43-ІІІ "Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы № 368/49-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 23 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 641 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 9 ақпандағы № 341/43-III «Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 464 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 наурызда № 50-51 «Вечерняя Астана», 2007 жылғы 20 наурызда № 51 «Астана хабары» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы шешіммен бекітілген Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесінде:
      8-тараудың 61-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «61. Астана қаласы аумағындағы қараусыз иттер мен мысықтар мамандандырылған ұйыммен аулануға жатады.»;
      8-тараудың 65-тармағында «бес тәуліктің ішінде» сөздері «қолданыстағы заңнамаға сәйкес» сөздерімен ауыстырылсын;
      8-тараудың 66-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «66. Ауланған иттер мен мысықтардың иелері жануарларды аулау жөніндегі мамандандырылған қызметке немесе қараусыз жануарларды уақытша ұстауға арналған питомникке жануарларын қайтару туралы өтініш білдіре алады. Питомникте жануарларды ұстау бойынша барлық шығындарды жануар иесі өтейді.».
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Ю. Келигов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       В. Редкокашин