Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Астана қаласы әкімдігінің 20 сәуірдегі № 75 Қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 351/46-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 30 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 624 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 12 шешімі негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Алматы» ауданының жобалау атауы № 23-22 даңғылға Рақымжан Қошқарбаев даңғылы атауы берілсін.
      2. Төмендегі көшелер:
      «Алматы» ауданы бойынша:
      17 және 18 бекеттер аралығындағы Балочный көшесі – Сарысу деп;
      19 және 20 бекеттер аралығындағы Балочный көшесі – Шағыл деп;
      75 бекеттегі Песчаный көшесі – Алтынқұм деп;
      76 бекеттегі Песчаный көшесі – Қарақұм деп;
      «Есіл» ауданы бойынша:
      «Шұбар» тұрғын алабында:
      Қызғалдақ көшесі «Нормандия-Неман» эскадрильясі көшесі деп қайта аталсын.
      3. Астана қаласы Алматы және Есіл аудандарының әкімдері, «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
      4. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының
      әкімі                                          И. Тасмағамбетов

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                                 Ю. Келигов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин