Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 250/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Ережесі», «ережесінде» деген сөздер «Қағидасы», «қағидасында» деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.03.2014 № 225/31-V (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі № 114/18-ІV "Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда № 540 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамыздағы № 102 "Вечерняя Астана", 2008 жылғы 21 тамыздағы № 99 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидасында:
1-тармақтың бірінші азатжолында "және амбулаторлық емделудегі" сөздері алынып тасталсын;
7-тармақтың екінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар деп Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансерінде диспансерлік есепте тұрған және амбулаторлық емделудегі азаматтар деп танылсын.".
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы Е. Оспанов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин