Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 412/54-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 31 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 662 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 250/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Астана қаласы әкімінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 1 шілдеде № 395 болып тіркелген, 2005 жылғы 5 шілдедегі № 90 "Астана хабары", 2005 жылғы 9 шілдедегі № 103-104 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
      "18. "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар.".
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Е. Оспанов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       В. Редкокашин