Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 258/36-V шешімімен.
Астана қаласы әкімінің ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 76/14-IV "Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру Ережесі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 30 сәуірде № 529 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда № 52 "Астана хабары", 2008 жылғы 6 мамырда № 55 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру Ережесінде:
4-тараудың 14-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бюджеттік қаражаттар есебінен аяқтауға ұсынылатын тұрғын үйдің жалпы көлемі 120 шаршы метрден аспауы тиіс;".
6-тарау мынадай мазмұндағы 22-1-тармағымен толықтырылсын:
"22-1. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқаннан кейінгі келесі бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия хатшысы тиісті хаттама жасайды.".
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы Е. Оспанов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин