«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау Ережесінің 34 және 36-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы тарапынан ауыл халқын одан әрі шағын несиелендіру үшін шағын несие ұйымдарын несиелендіру барысында мыналар:
1) жылдық 7,5%-дан артық емес сыйақы ставкасы;
2) ауыл халқына (шағын несие ұйымдарын түпкі қарыз алушыларына) берілетін қарыздың жылдық 14,5%-дан артық емес сыйақы ставкасы белгіленсін.
2. Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитеті (Тұңғышбеков С.Т.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 18 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Министр А. Күрішбаев