Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы N 369 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6487 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е. Дүйсенбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасы         
Көлік және коммуникация министрінің 
2010 жылғы 20 тамыздағы № 369 бұйрығымен
бекітілген             

Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына
кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары

      Авиакомпанияның бірінші басшысы лауазымына кандидаттарға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жоғары білім;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталған азаматтық авиация саласындағы басшылық қызметтерде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
      3) Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын білуі тиіс.