Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" Кодексінің (Салық кодексі) 276-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосының (тізілімінің) нысаны бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосы (тізілімі) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 612 бұйрығының (2009 жылғы 6 наурыздағы № 35 (1632) "Заң газеті" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5501 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап әрекеттерге таралады.
Министр | Б. Жәмішев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 тамыздағы № 408 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосы (тізілімі)
Қағаз мәтініне қараңыз
Тізілімге 1-қосымша парақ А |
Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қайтаруға қойылған ҚҚС сомасы
Тізілімге 1-қосымша парақ В |
Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қайтаруға қойылған ҚҚС сомасы
Тізілімге 1-қосымша парақ С |
Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қайтаруға қойылған ҚҚС сомасы
Қағаз мәтініне қараңыз
Тізілімге 2-қосымша парақ А |
Өкілдік персоналы туралы мәліметтер
Тізілімге 2-қосымша парақ В |
Өкілдік персоналы туралы мәліметтер
Тізілімге 2-қосымша парақ С |
Қағаз мәтініне қараңыз