Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің 2010 жылғы 13 тамыздағы N 363 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6462 болып енгізілді.

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиа бағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2002 жылғы 16 тамыздағы № 672 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1955 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж. № 39, 705-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 16 тамыздағы № 672 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 459 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5345 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада № 11 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е. Дүйсенбаевқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                         Д. Көтербеков

Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация 
министрі міндетін атқарушының
2010 жылғы 13 тамыздғы  
№ 446 бұйрығымен    
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекіту жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) әуе кемелерi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде тұрақты ұшуларды орындайтын авиакомпаниялардың тұрақты ұшуларының кестелерiн бекiту рәсімін нақтылайды.
      2. Осы Нұсқаулықта мынадай анықтамалар пайдаланылады:
      1) әуе қозғалысына қызмет көрсететiн аэронавигациялық уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;
      2) уақыт аралығы (слот) – әуежайда авиакомпания әуе кемесiнiң белгiлi бiр күнi немесе кезеңде келу немесе жөнелу операцияларын орындау үшiн бөлiнген уақыт;
      3) «тарихи слот» - өткен эквиваленттік кезеңде кестеге енгізілген слот;
      4) тұрақты ұшу параметрлерi - әуе кемесiнiң әуежайға келу немесе жөнелу күнiн, уақытын, орындау кезеңiн, әуе кемесiнiң үлгiсi мен жолаушы сыйымдылығын қамтитын тұрақты ұшу кестесiнiң параметрлерi.
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетінің (бұдан әрі - Комитет) бекітуіне мыналар жатады:
      1) авиамаршруттарға берілген куәліктер негізінде жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы авиакомпанияларының тұрақты ұшу кестелері;
      2) Қазақстан Республикасы жасаған әуе қатынасы туралы халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік тасымалдаушыларды тіркеу туралы қолданыстағы куәліктері негізінде жүзеге асырылатын халықаралық авиамаршруттар бойынша шетелдік авиакомпаниялардың тұрақты ұшу кестелері.
      4. Кестенi жасау мен бекiтудiң мiндеттерi:
      1) авиамаршрутқа берiлген куәлiк шарттарына немесе әуе қатынасы туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына тұрақты ұшу параметрлерiнiң сәйкестiгiн тексеру;
      2) әуе кеңiстiгiнде және әуежайларда тұрақты ұшуды қауiпсiз орындау жағдайларын жоспарлау;
      3) коммерциялық және техникалық қызметтi ұйымдастыру үшiн тұтынушыларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;
      4) жоспарланған ұшуларды орындау үшiн қажеттi материалдық ресурстарды есептеу болып табылады.
      5. Тұрақты ұшудың кестесiн жасау, бекiту мен түзету дүниежүзiлiк үйлестiрiлген уақытта (UTC) жүзеге асырылады.

2-тарау. Тұрақты ұшу кестесiн бекiту

      6. Авиакомпания тұрақты ұшу кестесiн "Жаз" және "Қыс" деп аталатын екi маусымға әзiрлейдi. Жазғы және қысқы маусымдық кестелердiң қолданылу мерзiмi Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (ИАТА) белгiлеген мерзiмдерге сәйкес келедi:
      "Жаз" - наурыздың соңғы жексенбiсi - қазанның соңғы сенбiсi;
      "Қыс" - қазанның соңғы жексенбiсi - наурыздың соңғы сенбiсi.
      7. Кестенi жасау кезiнде тұрақты ұшу параметрлерi Комитет берген авиамаршрут куәлiктерiнiң шарттарына, шетелдік авиакомпаниялар үшін әуе қатынасы туралы Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарт талаптарына сәйкес келуі тиiс.
      8. Авиакомпания 15 күнтізбелік күн бұрын ұшулар орындалғанға дейін Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) толтырылған "P" нысаны (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) және 4 данадағы ұшулардың қайталанатын жоспарлар тiзбесi (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша);
      2) тұрақты ұшу авиамаршруты бойынша ұшып шығу және қону әуежайларымен келiсiлген слоттар.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.03.25 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      9. Қазақстан Республикасының әуежайы авиакомпаниядан сұраныс түскеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде авиакомпаниялардың тұрақты рейстерін орындау үшін слоттарды келіседі немесе бас тартудың себептері жөнінде жазбаша негіздеме және баламалы слоттар туралы ұсыныс береді. Бағыт параметрлерінде көрсетілген Қазақстан Республикасының әуежайы авиакомпания сұраған тарихи слоттарды басымдық тәртібімен растайды.
      10. Комитет құжаттарды алғаннан кейiн 30 күнтiзбелiк күн iшiнде "P" нысанын қарап, бекiтедi, кейiннен оларды авиакомпанияға және әуе қозғалысына қызмет көрсететiн аэронавигациялық уәкiлеттi органға бередi.
      11. Тұрақты ұшу кестесінің нысандарын бекітуден бас тарту негіздері:
      1) Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімдердің шарттарына кестенің сәйкес келмеуі;
      2) алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.03.25 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.03.25 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      12. Авиакомпания авиамаршруттың кестесіне өзгерістер енгізу кезінде Комитетке осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 2) тармақшасын ескере отырып, ұшуға дейін 3 күн бұрын кестені ұсынады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      13. Авиамаршрутқа арналған куәлiктi қайтарып алу немесе күшiн тоқтата тұру жағдайында немесе авиакомпанияның өтiнiмi бойынша Комитет авиамаршрут бойынша тұрақты ұшудың бекiтiлген кестесiнiң күшiн жояды.
      14. Бұрын күшi жойылған тұрақты ұшуларды орындауды қайта жаңғырту осы Нұсқаулықтын 7 және 8-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының
iшкi және халықаралық  
авиамаршруттарындағы тұрақты
рейстердiң кестелерiн бекiту
жөнiндегi нұсқаулыққа  
1-қосымша        

«P» нысаны

«Бекітемін»           
Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация министрлігі
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы
____________________(Т.А.Ә.)
20 __жылғы «____» ___________

_____ навигация кезеңiнде _________ авиакомпаниясының рейстерді
орындау графигi

ХААҰ коды және рейс нөмірлері

Орындау кезеңі

Апта күндері

Маршруты (әуежай атауы, УТЦ уақыты)

Ескертпе



ггммдд

ггммдд

1

2

3

4

5

6

7





























Коммерциялық құқығы бар учаскелер

"тоқта-овер" құқығы бар пункттер

Техникалық қону пункттері

Құрастыру

ӘК үлгісі













Авиакомпания басшысы
немесе ол уәкілеттік
    еткен тұлға                          Т.А.Ә.                   МО

Қазақстан Республикасының
iшкi және халықаралық  
авиамаршруттарындағы тұрақты
рейстердiң кестелерiн бекiту
жөнiндегi нұсқаулыққа  
2-қосымша         

Ұшудың қайталанатын жоспарларының тiзбесi (RPL)

Пайдаланушы

Адресаты(тар)

+
-

(ж.а.к.)
жарамды

(ж.а.к.) бойынша жарамды

Ұшу күндері

ӘК таным индексі

ӘК үлгісі және іздің турбулентті  санаты

Әуеайлақ және ұшу уақыты

1

2

3

4

5

6

7































Ұшу әуеайлақтары

ж.а.к. күні

Сериялық

Парақ

Қосымша деректер

Крейсер Маршруты

Әуеайлақты белгілеу және біткен уақыт

Ескертпе

Жылдамдық

Эшелон

Маршрут













RPL жасауға жауапты тұлғаның ___________ Т.А.Ә.           МО