«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 34-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары Сайлау қорларының тізілімін әзірлесін және округтік сайлау комиссияларына жіберсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 7/8 қаулысымен бекітілген
Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 34-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 9-тармағына сәйкес әзірленген, және Президенттікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу сұрақтары бойынша заңнаманың қолданылуын нақтылайды.
2. Президенттікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау қорларын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы тіркейді.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тиісті облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары тіркейді.
Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тиісті округтік сайлау комиссиялары тіркейді.
3. Кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау қорларын тіркеуді тиісті сайлау комиссиялары кандидат, саяси партияның уәкілетті өкілі сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасаған күнінен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде жүргізеді, ол туралы Сайлау қорларының тізілімінде жазба жасалады.
4. Орталық, облыстық, Астана және Алматы қалалық, округтік сайлау комиссиялары Сайлау қорларының тізілімін осы Нұсқаулыққа қосымшаға сай нысан бойынша жүргізеді.
5. Орталық, облыстық, Астана және Алматы қалалық, округтік сайлау комиссиялары кандидаттың, саяси партияның уәкілетті өкілінің өтініші негізінде:
Сайлау қорларының тізіліміне сайлау қоры туралы деректерді енгізеді;
банк мекемесінде кандидаттың, саяси партияның сайлау қорының арнаулы уақытша шотын ашады.
6. Сайлау қорларының қызметін тоқтату тиісті сайлау комиссиясының немесе соттың шешімі негізінде жүзеге асырылады, ол туралы Сайлау қорларының тізілімінде жазба жасалады.
7. Сайлау қоры өз қызметін:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес кандидатты, партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда;
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 9-тармағына сәйкес кандидаттың, саяси партияның сайлау қорлары қаражатын жұмсауы туралы есебін қабылдау туралы тиісті сайлау комиссиясының шешімі бойынша;
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлау жарамсыз деп танылған жағдайда;
сот шешімі бойынша тоқтатады.
8. Кандидатты, партиялық тізімді тіркеудің күшін жою туралы шешім бойынша сотқа не жоғары тұрған сайлау комиссиясына шағым жасалған жағдайда, сайлау қорларының қолданысын тоқтатуды тіркеу шешім қабылданғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Сайлау қорларын мемлекеттік
тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша
Нысан
Сайлау қорларының тізілімі
Тізілімнің реттік нөмірі, жазбаның енгізілген күні |
Сайлау қорын тіркеу немесе қызметін тоқтату туралы жазба |
Атауы (сайлау қорының тиесілілігі) |
Кандидаттың тұрғылықты жері (саяси партияның орналасқан жері) |
Жазбаны енгізген адамның Т.А.Ә. және сайлау комиссиясының деректері |