Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 88 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 243 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6392 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің  2007 жылғы 29 мамырдағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4759 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік  органдарының актілері жинағында 2007 жылғы маусымда жарияланған), келесі толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 88 бұйрығымен бекітілген, Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесі:
      Келесі мазмұндағы 4-1-тармағымен толықтырылсын:
      «4-1. Қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы уәкілетті органның шешімі қауіпті өндірістік объекті иесінің сараптамалық қорытынды қосымшасымен бірге ерікті түрде берілген, арызы негізінде беріледі»;
      7-тармақтың бірінші абзацында «Бекітілген қауіпсіздік декларациясы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне сараптамадан өткізуге жіберіледі» сөздері «Қауіпсіздік декларациясы уәкілетті органмен аттестатталған ұйымда сарапталуға жатады» сөздеріне ауыстырылсын;
      8-тармақтың 1-бөлімі келесі редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті органға тіркелу үшін декларация жоба құрамында немесе жеке құжатпен қағаз және электронды тасымалдағышта екі данада ұсынылады»;
      8-тармақтың 3-бөлімі алынып тасталсын;
      3-тарау алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы С.Б. Ахметовке жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі                 В. Божко