«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 379 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5284 болып енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесіне:
4-тармақта «0202002» цифрлары «0202000» цифрларымен өзгертілсін;
5-тармақта:
үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) бұйрығымен тағайындалады.»;
төртінші сөйлем алынып тасталсын;
6-тармақта:
«Басқармасының» деген сөз «Департаментінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Колледж бастығы» деген сөздерден кейін «ҚАЖ комитетімен келісе отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта екінші абзацындағы «0202002» цифрлары «0202000» цифрларымен және «30» цифры «білім беру саласындағы өкілетті мемлекеттік органмен тағайындалған ҰБТ пәндері бойынша сұрақтар санына сәйкес анықталады» сөздерімен ауыстырылсын;
11-тармақта «Колледж бастығының» деген сөздер «ҚАЖ комитетінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Колледжге қабылдау Колледж бастығының бұйрығымен рәсімделетін комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.»;
16-тармақта «Дене дайындығы көрсеткіштері бойынша» деген сөздерден кейін «ҚАЖ комитетімен келісе отырып» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми түрде жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің
міндетін атқарушы Д. Құсдәулетов