Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды уақытша әкелгенде қосылған құн салығын төлеуден босатудың тәртібі бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 351 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды уақытша әкелгенде қосылған құн салығын төлеуден босатудың тәртібі
1. Осы Тәртіп «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелгенде қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеуден босатудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Тәртіптің мақсатында:
1) кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу (бұдан әрі – уақытша әкелу) - Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей әкету туралы міндеттемемен тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын әкелу;
2) Міндеттеме – уақытша әкелінген тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттеме;
3) Есеп – міндеттемені орындау туралы есеп.
3. Тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелгенде ҚҚС төлеуден босату бір уақытта мынадай шарттарды сақтаған жағдайда беріледі:
1) тауарлар, оның ішінде көлік құралдары Салық кодексінің 276-15-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген, кеден одағында ҚҚС төлеуден босатумен Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелетін тауарлар тізбесіне енгізілген;
2) міндеттеме табыс етілсе;
3) Уақытша әкелінген тауарлардың болу орны міндеттемеде көрсетілген болу орнына сәйкес келуі;
4) табиғи тозуы немесе табиғи шығын болу себебiнен өзгерулерді қоспағанда, уақытша әкелінген тауарлар тасудың (тасымалдаудың), сақтаудың немесе қолданудың (пайдаланудың) қалыпты жағдайы кезiнде жай-күйi өзгерiссіз қалады. Ұсақ жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсету және басқа да операцияларды қоса алғанда, тауарларды қалыпты жағдайда ұстауды, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар жасауға болады.
4. Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісімен (төлеушімен) тауарларды уақытша әкелуге негіз болатын келісім (шарт) жасасқан Қазақстан Республикасының салық төлеушісі, салық органына табыс еткен Міндеттемеге, басшы мен бас бухгалтердің (болған жағдайда) қолдарымен және салық төлеушінің мөрімен куәландырылған (болған жағдайда) мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісімен (төлеушімен) Қазақстан Республикасы салық төлеушісі арасындағы тауарларды уақытша әкелуге негіз болған келісім (шарт) немесе басқадай құжат;
2) кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген тауарлардың ауысуын растайтын ілеспе жүкқұжаттар.
5. Салық төлеуші салық органына өткізген Міндеттеменің негізінде салық органымен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес әкелу күніне төлеу мерзімі бойынша салық төлеушінің бюджеттік сыныптамасынның тиісті дербес шотына ҚҚС есептеуді жүргізіледі.
Бұл ретте тауарларды уақытша әкелу мерзіміне ҚҚС бойынша төлеу мерзімі кейінге шегеріледі және өсімпұл есептелмейді.
6. Уақытша әкелінген тауарларды Міндеттемеде көрсетілген мерзімнен бұрын әкеткенде және салық органына Есепті табыс еткен кезде, салық төлеушінің дербес шотында бұрын есептелген ҚҚС сомасына түзету жүргізіледі.
7. Тауарларды уақытша әкелгенде ҚҚС төлеуден босату Міндеттемеде көрсетілген мерзімге беріледі.
8. Әкелу уақытында ҚҚС төленбеген Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелген тауарларды әкетпеген жағдайда, тауарларды әкелу салық салу мақсатында салық салынатын импорт деп танылады және Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап Салық кодексінің 268-бабының 1-тармағына белгіленген ставка бойынша қосылған құн салығымен салық салуға жатады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелген тауарларды әкетпеу болып мыналар саналады:
1) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелген тауарларды Міндеттемеде белгіленген мерзімде әкетпеу;
2) Міндеттеменің және (немесе) Есепті табыс етпеу;
3) мұндай тауарларды кейіннен өткізу және (немесе) басқа тұлғаға беру;
4) салық зерттеуінің нәтижесі бойынша Міндеттемеде көрсетілген орында уақытша әкелінген тауарлардың болмау фактісін анықтау;
5) тауарларды осы Тәртіптің 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген шарттарды бұзу арқылы әкету.
Бұл ретте салық қызметі органы Салық кодексінің 276-8-бабының нормаларына сәйкес салық салынатын импорттың көлемін түзетеді.
9. Жеке және заңды тұлғалар тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын өткізу және (немесе) басқа тұлғаға беру, сондай-ақ кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыру (көрме, жәрмеңкелерді қоспағанда) мақсатында емес кедендік одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына әкелгенде, осы Тәртіптің 3-тармағы 1-3) тармақшаларында көзделген.