Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында әуеайлақтардың жарық–сигнал беру жабдығы жүйелерін пайдалануын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында электр жарығымен техникалық ұшуды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 832-ю бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2126 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуларды электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету ережесінде:
112-тармақта:
екінші абзацтағы «бірақ жылына кемінде 1 рет» деген сөздер «жылына кемінде 1 рет» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «тоқсанына кемінде 1 рет» деген сөздер «жылына кемінде 1 рет» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «бірақ жарты жылда кемінде 1 рет» деген сөздер «жылына кемінде 1 рет» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Құсайынов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
В. К. Божко ______________
2010 жылғы 3 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінің төрағасы
С. К. Нокин _____________
2010 жылғы 23 маусым