Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 171 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6306 болып енгізілді.

Жаңартылған

      «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi туралы ережесінің 14-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Заем шарттарына заңдық сараптау жүргізу жөніндегі қоса беріліп отырған нұсқаулық бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем және мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі заңдық баға (legal opinion) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы № 68 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 27 мамырда № 1864 болып тіркелген, № 29, 2002 жылғы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем және мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі заңдық баға (legal оріnіоn) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 306 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 3 желтоқсанда № 5024 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 наурыздағы № 1 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған);
      3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем және мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі заңдық баға (legal оріnіоn) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 24 шілдедегі № 94 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 29 шілдеде № 5729 болып тіркелген, 2009 жылғы № 9 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған).
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                             Р. Түсіпбеков

      
Қазақстан Республикасы     
Әділет министрінің         
2010 жылғы 27 мамырдағы    
№ 171 бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптама жүргізу жөніндегі
нұсқаулық 

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптама жүргізу рәсімін және Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына сәйкес берілетін заем берудің талаптары болып табылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі беретін заңдық бағаның (legal opinion) дайындалу мен беру бойынша талаптарын нақтылайды.
      2. Заңдық бағаны (legal opinion) дайындау мен беру талаптары заңдық сараптама нәтижесі негізінде жүзеге асырылады.
      3. Заңдық сараптама Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      4. Қазақстан Республикасының өкілетті мемлекеттік органының жазбаша өтімі заңдық сараптаманы жүргізу, сондай-ақ заңдық сараптаманы дайындау мен беру нәтижесі негізінде дайындау мен беруге негіз болып табылады.
      5. Заңдық баға (legal opinion) оны беру туралы өтінім тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.11.16 № 379 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      6. Заңдық баға (legal opinion) дайындау кезінде заем алушы мемлекеттен заңдық баға (legal opinion) алу мен заем беру талаптары бөлігінде Заем берушінің талаптары қарастырылады.
      7. Заңдық сараптама мынадай құжаттар негізінде жасалады:
      шет тілінен мемлекеттік және/немесе орыс тіліне аудармасын қосқанда, заем туралы ратификацияланған Қазақстан Республикасы халықаралық шартының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі куәландырған көшірмесі және/немесе Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем туралы шарттарының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі куәландырған көшірмесі;
      мемлекеттік кепіл мен оның шет тілінен мемлекеттік және/немесе орыс тіліне аудармасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі куәландырған көшірмелері;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепіл негізінде жасалатын заем туралы шартқа түзетулердің (толықтырулар мен өзгерістер), егер ондай орын алған болса, және олардың шет тілінен мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі аудармасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі куәландырған көшірмесі;
      бағалы қағаздар эмиссиясы туралы мәліметтер;
      Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттары және заем немесе мемлекеттік кепілдік туралы келісімге (шартқа), соның ішінде кредит беруші ұйымның ішкі шарттарымен шектелмей сілтеме жасалған құжаттардың көшірмесі.
      8. Қарыз алушыға мемлекеттік кепілдіктер бойынша қарыз беру кезінде заңдық сараптама жүргізуде мүдделі органдар мен ұйымдардан осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген құжаттардан өзге мынадай қосымша құжаттар сұратылады:
      бұрын мемлекеттік кепілдікпен алынған, төлеу мерзімдері басталған мемлекеттік емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөнінде берешегінің, сондай-ақ кредит берушілер алдында мерзімі өткен өзге де берешегінің жоқтығын растайтын;
      жобаның жалпы құнын жаппайтын ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қосымша қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді растайтын құжаттар.
      9. Осы Нұсқаулықтың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттардың болмауы Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем туралы шартқа заңдық сараптама дайындаудан бас тартуға негіз болып табылады.
      10. Заңдық сараптама жүргізу қорытындысы бойынша қол қойылған күннен бастап күшіне енетін заңдық баға (legal opinion) дайындалады.
      11. Заңдық бағаның заем немесе мемлекеттік кепілдік туралы немесе халықаралық капитал рыноктарында орналасқан мемлекеттік бағалы қағаздардың айналымы тоқтатылған сәттен бастап шарттың қолданылу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына түзетулер (толықтырулар немесе өзгертулер) немесе көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаз айналымының шарттары өзгерген жағдайда заңды күші жойылады.
      12. Заңдық баға (legal opinion) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми бланкісінде ресімделетін хат түрінде жасалады және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік заемдары мен мемлекеттік кепілдіктерінің заңдық қорытындысын қамтиды.
      13. Заңдық баға (legal opinion) мемлекеттік және/немесе орыс, сондай-ақ ағылшын тілдерінде ресімделеді.
      14. Заңдық бағаға (legal opinion) Қазақстан Республикасының Әділет министрі не оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
      15. Заңдық баға (legal opinion) тиісті заем беретін және мүдделі органдар немесе ұйым ұсынатын халықаралық қаржы ұйымдарына қабылданған заңдық баға нысаны негізінде дайындалады.
      16. Заңдық бағаның бірінші парағында құжаттың атауы, оның нөмірі, ресімделген күні, кредит берушінің деректемелері және бірнеше парақта болуы мүмкін қорытындының мәтіні қамтылады.
      Заңдық бағаның соңғы бетінде Әділет министрінің не оның міндетін атқаратын адамның қолы болады және гербтік мөр қойылады.
      17. Заңдық қорытындыда:
      егер қорытынды мемлекеттік заемға қатысты берілетін болса, заем туралы шарттың атауы және күні;
      егер қорытынды мемлекеттік кепілдікке қатысты берілетін болса, мемлекеттік кепілдіктің атауы, нөмірі және күні;
      халықаралық капитал рыноктарында орналасқан мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналым мерзімі;
      заем немесе мемлекеттік кепілдік туралы шартта ескерілген жалпы сома, мемлекеттік кепілдік қолданылатын басқа да кепілдік міндеттемелер;
      соларға сәйкес мемлекеттік заем тарту немесе мемлекеттік кепілдік беру туралы шешім қабылданған нормативтік құқықтық актілер (сәйкесінше норманы көрсету, актінің нөмірі, қабылданған күні және аты) және өзге де шешімдер;
      мемлекеттік заемды тарту және мемлекеттік кепілдік беру бойынша сәйкесінше халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің аяқталуы туралы растау;
      Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын сәйкесінше шарт бойынша қарыз алушының немесе кепілгердің өкілеттіктері, олардың Заңды нақтылығы және орындау міндеттілігі туралы қорытынды қамтылуы тиіс.