Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы N 113 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6299 болып енгізілді

Жаңартылған

      «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кеден одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы шыққан № 130 шешімін іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 147) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса беріліп отырған моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі                                        Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы     
Премьер-Министрінің орынбасары –
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің           
2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 
бұйрығымен бекітілген     

Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың ережесі

      Осы Ереже «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімін іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 147) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңды тұлғалармен 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициялары моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың тәртібі мен талаптарын айқындайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Келісім азаматтық-құқықтық шарт болып табылады және Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы (бұдан әрі – заңды тұлға) арасында азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарына және осы Ережеге Қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Ережеге сәйкес жасалады.
      2. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      автокомпонеттер – моторлы көліктік құралдарын өндіруге қажетті тетіктер, тораптар, жинақтау бұйымдары, материалдар, химиялық және лак - бояу өнімдері;
      моторлы көліктік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен белгіленген кәсіпорынның жобалы өндірістік қуаттылығын қамтамасыз ететін технологиялық процестер негізіндегі сериялық өндіріс жүйесі, ол мына технологиялық операциялардың орындалуын қамтиды:
      шанақты дәнекерлеу, бояу және жинау;
      салонды жабдықпен монтаждау;
      күш агрегатын, руль тетігін шығару жүйесін монтаждау;
      электр-жабдығын, аспа элементтерін монтаждау;
      экстерьер элементін монтаждау;
      дайын моторлы көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізу.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Өнеркәсіптік құрастыру кезінде жеке операциялар басқа қазақстандық заңды тұлғалармен бірігіп жүргізілуі мүмкін.
      4. Келісім автомобильдерді өнеркәсіптік құрастыру үшін, сондай-ақ осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген технологиялық операцияларды орындау кезінде шығарылатын автомобильдер үшін әкелінетін автокомпоненттерді «8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған» Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің позицияларындағы кедендік декларациялауға негіз (рұқсат) болып табылады.

2. Келісім талаптары

      5. Шешім күшіне енгенге дейін келісім жасасқан заңды тұлғалар үшін 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Келісімнің міндетті талаптары келісімге қол қойылған күні кемінде 2 миллиард теңге сомасына өндірістік активтердің, тиісті көпжақты келісім жасасқан 2-ден аспайтын заңды тұлғалар үшін жиынтықтай алғанда жылына кемінде 25 мың моторлы көлік құралы немесе кемінде 50 мың моторлы көлік құралы болатын өндірістік қуаттылықтарының болуы, сондай-ақ заңды тұлғаның келісімге қол қойған сәттен бастап 84 айдан аспайтын мерзімдегі міндеттемесінің болуы болып табылады, олар мыналарды қамтамасыз етеді:
      8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастау;
      8707 КО СЭҚ ТН тауарлық позициясы бойынша жіктелетін шанақтың құнын ескере отырып өндіріс үшін пайдаланылатын автокомпоненттердің жалпы құнынан 70% көп емес көлемде «8701-8705 КО СЭҚ ТН тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған» Бірыңғай кедендік тарифтің позициялары бойынша Кеден одағының қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттерде жасалған өнеркәсіптік құрастыру үшін автокомпоненттерді әкелу.
      Шешім күшіне енгеннен кейін жан-жақты келісім жасасқан заңды тұлғалар үшін 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімнің міндетті талаптары мыналарды қамтамасыз ету болып табылады:
      8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастау;
      бір модель бойынша оқшаулау деңгейін келісімнің қолданысы аяқталғанға дейін кемінде 50 % жеткізу.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5-1. 8701, 8702, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Келісімнің міндеті талаптары заңды тұлғаның келісімге қол қойылған күнінен бастап 6 ай ішінде кемінде 0,5 млрд. теңге сомаға өндірістік активтерді қалыптастыру, сондай-ақ мыналарды қамтамасыз ету болып табылады:
      8701, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициялары бойынша жобалы қуаты екі ауысымды жұмыс режимінде жылына кемінде 10 000 моторлы көлік құралдары;
      8702 КО СЭҚ ТН тауар позициясы бойынша жобалы қуаты жылына кемінде 1200 моторлы көлік құралы;
      8701, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының бірі бойынша моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастау;
      бір модель бойынша оқшаулау деңгейін келісімнің қолданысы аяқталғанға дейін кемінде 50 % жеткізу.
      Ескерту. Ереже 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Келісімнің қолданыс мерзімі ішінде моторлы көлік құралдарының жеке моделдерін өнеркәсіптік құрастыруға дейін және кейін заңды тұлғалар мынадай технологиялық операцияларды орындау кезінде моторлы көлік құралдарының басқа моделдерінің кез келген санын шығару құқығына ие:
      қозғалтқышты орнату және бекіту, басқару тетіктерін қозғалтқышқа қосу;
      артқы аспаларды орнату;
      газ шығару жүйесін орнату;
      ернеулік электр тізбектерін тексеріп, аккумулятор батареяларын орнату және қосу;
      жүру доңғалақтарын орнату;
      тежеуіштік және салқындатқыш сұйықтықпен толтыру;
      тежеуіш жүйесінің тиімділігін тексеру;
      дайын моторлы көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізу.
      7. Келісімде келісім кезеңдерін іске асыруды жылдарға шаққандағы және моторлы көлік құралдары өндірісі басталған күнді көрсете отырып, кәсіпорынның шанақты дәнекерлеуді, бояу мен жинау бойынша операциялар ұйымдастыру мерзімін көрсете отырып, жоспар-кестесі анықталуы тиіс.
      8. Шешім күшіне енгенге дейін келісім жасасқан заңды тұлғалармен жан-жақты келісімдерді қоспағанда, Келісім күшіне енгеннен кейін 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарына қатысты жаңа келісімдер жасасуға жол берілмейді.
      Өнеркәсіптік құрастыруға өту мерзімі жан-жақты келісім тараптарының бірі қабылдаған ең жоғары мерзімнен аспауы тиіс.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8-1. 8701, 8702, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауарлар позициясының моторлы көлік құралдарына қатысты келісімдер жасасуға Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде беріледі.
      Ескерту. Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Осы Ереже шарттарының нашарлау жағына қарай (шарттарды және/немесе преференция қолданысы мерзімін, «өнеркәсіптік құрастыру» ұғымы шарттары қолданысын және т.б. өзгерту) өзгеруіне әкелетін өзгеріске жатпайды.

3. Келісімді жасасу тәртібі

      10. Келісімді жасасу үшін заңды тұлға уәкілетті органға өтініш береді.
      11. Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:
      келісім жобасы;
      келісім кезеңдерін жылдарға шаққанда және өндіріс күнін көрсете отырып, моторлы көлік құралдары өндірісінің болжамды бастауы, кәсіпорынның шанақты дәнекерлеуді, бояу мен жинауды ұйымдастыру мерзімі көрсетілген іске асыру жоспар-кестесінің жобасы;
      осы Ереженің 5-тармағына сәйкес келісімге қол қойылған күнге және 5-1 тармағына сәйкес Келісімге қол қойылғаннан кейін 6 ай өткен соң заңды тұлғада өндірістік активтердің болуын растайтын аудиттелген қаржы есеп-қисабы.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Уәкілетті орган осы Ереженің 11-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды 10 жұмыс күні ішінде қарайды. Ұсынылған құжаттар осы Ережеде қарастырылған талаптарға сай болмаған жағдайда, заңды тұлғаға келісімді жасасудың мүмкіндігі жоқ себебімен уәжделенген бас тарту жіберіледі.
      13. 5 жұмыс күні ішінде қарау нәтижесі бойынша заңды тұлғамен келісім жасалады.

Моторлы көлік құралдарын    
өнеркәсіптік құрастыру туралы 
келісімді жасасу ережесіне  
Қосымша           

Үлгі нысан

8703 КО СЭҚ ТН Тауар позициясының моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім

Астана қ.                                         _______________
                                                 (күні, айы, жылы)

Осы келісім бұдан әрі Тараптар деп аталатындар __________________
                                          (ереже немесе бұйрықтың)
негізінде әрекет ететін __________________________________ атынан
              (басшының немесе оның міндетін атқарушы А.Ә.Т.)
____________________________________(бұдан әрі – Уәкілетті орган)         (уәкілетті органның атауы)
мен ____________________________________ негізінде әрекет ететін
      (жарғының немесе сенімхаттың)
__________________________________________________________ атынан
(бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның А.Ә.Т.)
________________________________________________________________
         (Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы)

арасында жасалды (бұдан әрі - Өндіруші).
Мынаны назарға ала отырып:
1) Уәкілетті органға осы келісімді жасасу және орындалуын бақылауға тікелей байланысты құқықтар берілгенін;
2) Уәкілетті орган мен Өндіруші келісім оның талаптарын іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы келісті.

Уәкілетті орган мен Өндіруші төмендегілер туралы осы келісімді жасады.

 1. Келісімнің мәні

      1.1. Осы келісімнің мәні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қолдауын ескере отырып, отандық автомобильдер өндірісін дамытуға бағытталған ЕурАзЭҚ (бұдан әрі – Кеден одағы) шеңберінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының жағдайында «өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдана отырып 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде өзара міндеттемелер мен кепілдіктерді белгілеу және іске асыру жөніндегі талаптардың өзара іс-қимылы болып табылады.
      Моторлы көлік құралдарын «өнеркәсіптік құрастыру» дегенде өзіне мынадай технологиялық операцияларды орындауды:
      шанақты дәнекерлеу, бояу және монтаждау;
      салонның жабдықтарын монтаждау;
      күш агрегатын, руль механизмін, шығару жүйесін монтаждау;
      электр жабдықтарын, аспа элементтерін монтаждау;
      экстерьер элементтерін монтаждау;
      дайын моторлы көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізуді қамтитын технологиялық процестердің негізінде, екі ауысымды жұмыс режимі кезінде кәсіпорынның жобалық өндірістік қуатын 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясы үшін жылына тиісті көпжақты келісім жасасқан 2-ден аспайтын заңды тұлғалар үшін жиынтықтай алғанда жылына кемінде 25 мың моторлы көлік құралы немесе кемінде 50 мың моторлы көлік құралы болатын өндірістік қуаттылықтарының болуы, 8701, 8704 және 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициялары үшін жылына кемінде 10 мың бірлік, 8702 КО СЭҚ ТН тауар позициясы үшін жылына кемінде 1,2 мың бірлік қамтамасыз ететін сериялы өндіріс жүйесі түсініледі.
      Ескерту. 1.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1.2. Осы келісім автомобильдерді өнеркәсіптік құрастыру үшін, сондай-ақ осы Келісімнің 2.3.2-тармағында көрсетілген технологиялық операцияларды орындау кезінде шығарылатын автомобильдер үшін әкелінетін автокомпоненттерді «8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған» Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің позицияларындағы кедендік декларациялауға негіз (рұқсат) болып табылады.
      Автокомпоненттер ретінде моторлы көліктік құралдарын өндіруге қажетті тетіктер, тораптар, жинақтау бұйымдары, материалдар, химиялық және лак - бояу өнімдері түсініледі.
      1.3. Тараптар серіктестігі (өзара іс-қимылы) Тараптардың:
      1) 8703 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Өндірушінің келісімге қол қойылған күні кемінде 2 миллиард теңге сомаға өндірістік активтердің болуы туралы талаптарды орындауды қамтамасыз ету немесе 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімге қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде кемінде 0,5 млрд. теңге сомаға өндірістік активтерді қалыптастыру, сондай-ақ:
      8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастау;
      бір модель бойынша оқшаулау деңгейін келісімнің қолданысы аяқталғанға дейін кемінде 50 % жеткізу.»;
      2) Уәкілетті органның «өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдана отырып 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Өндірушінің келісімнің талаптарын сақтауына кепілдік беру бойынша міндеттемелерді қабылдағанда жасалады.
      Ескерту. 1.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Тараптардың міндеттері

      2.1. Өндіруші мыналарға міндеттенеді:
      2.1.1. 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде:
      8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды іске қосуды;
      бір модель бойынша оқшаулау деңгейін келісімнің қолданысы аяқталғанға дейін кемінде 50 % жеткізуді қамтамасыз етуге.
      Ескерту. 2.1.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2.1.2. келісім кезеңдерін іске асыруды осы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асыруға.
      2.1.3. Есеп беретін жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін әкелінетін тауарларға кедендік декларациялау жүзеге асырылатын кедендік органмен, уәкілетті органға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мынадай құжаттарды ұсынады:
      келісім кезеңдерін іске асыру жоспар-кестесін орындау туралы мәлімет;
      шығарылған жеңіл автомобильдер және өзге көліктік құралдар саны туралы есепті шанақ санын, маркасын, моделін, типін, қозғалтқыш көлемін, қабылдап беру қорабының түрін, шанақты бояу түстерін көрсетіп, шығару көлемдері туралы мәлімет;
      Қазақстан Республикасының аумағына нақты әкелінген кеден одағының қатысушылары болып табылатын мемлекеттерден шығатын және моторлық көлік құралдарының өнеркәсіптік жиынтығында пайдаланылатын автокомпоненттер туралы есеп;
      кеден одағына қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттерден шығатын моторлық көлік құралдарының өнеркәсіптік құрастыруда пайдаланылатын автокомпоненттер туралы есеп;
      кеден одағына қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттерден шығатын, пайдаланыламайтын автокомпоненттер туралы есеп;
      есептік жыл ішіндегі бухгалтерлік есеп;
      2.2. Уәкілетті орган өз құзыретінің шегінде:
      2.2.1. осы келісім талаптарының нашарлау жағына өзгеруіне алып келетін (артықшылықтардың қолданылу шарттары және/немесе мерзімінің «өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдану шартының және т.б. өзгеруі) 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу ережесі өзгерген жағдайда келісім талаптарын өзгертпеуге міндеттенеді.
      Ескерту. 2.2.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2.3. Өндіруші:
      2.3.1. келісім талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әрекетті өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін кірісуге;
      2.3.2. Келісімнің қолданыс мерзімі ішінде моторлы көлік құралдарының жеке моделдерін өнеркәсіптік құрастыруға дейін және кейін мынадай технологиялық операцияларды орындау кезінде моторлы көлік құралдарының басқа моделдерінің шығару:
      қозғалтқышты орнату және бекіту, басқару тетіктерін қозғалтқышқа қосу;
      артқы аспаларды орнату;
      газ шығару жүйесін орнату;
      ернеулік электр тізбектерін тексеріп, аккумулятор батареяларын орнату және қосу;
      жүру доңғалақтарын орнату;
      тежеуіштік және салқындатқыш сұйықтықпен толтыру;
      тежеуіш жүйесінің тиімділігін тексеру;
      дайын моторлы көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізу.
      2.4. Уәкілетті орган:
      2.4.1. келісімді жасау, келісімді жасау және тіркеу шарттары мен тәртіптерін белгілеуге;
      2.4.2. келісім талаптарының іске асырылуына бақылау жүргізуге, сондай-ақ қажет ақпаратты сұратуға;
      2.4.3. «өнеркәсіптік құрастыру» режимінде өндіруді жүзеге асыратын өндірушіні мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге ұсынуға;
      2.4.4. Уәкілетті орган туралы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге құқықтарға құқылы.

3. Өндірушінің өндірісі «өнеркәсіптік құрастыру» режимінде жүзеге асырылатын моделдері бойынша міндеттемелерін орындау

      3.1. Өндіруші келісімге қол қойылған күннен бастап 84 ай өткенге дейін уәкілетті органға Шанақты дәнекерлеу, бояу және құрастыру бойынша өндірістік қуаттылықтарды пайдалануға енгізу актісін беруге міндетті.
      3.2. Өндіруші келісімге қол қойылған күннен бастап 80 айдан кеш емес уәкілетті органға «8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған» Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің позициялары бойынша әкелінетін және жіктелетін автокомпоненттер тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) жобасын, сондай-ақ өз тарапынан қол қойған Тізбенің екі данасын жібереді.
      3.3. Уәкілетті орган Тізбе жобасын оны алған күннен бастап 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімде қарастырады және Өндірушіге ол қол қойған Тізбені, не қол қоюдан өздігінен бас тарту туралы хабарламаны жібереді.
      3.4. Өндіруші келісімге қол қойылған күннен бастап 84 ай өткенге соң өндірісі «өнеркәсіптік құрастыру» режимінде жүзеге асырылатын моделдер үшін «8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған» Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің позициялары бойынша автокомпоненттерді жіктеу, бұл Тізбеде көрсетілген автокомпоненттерге ғана таратылады.
      3.5. Тізбеге енгізілген автокомпоненттер құны 8707 КО СЭҚ ТН тауарлық позициясы бойынша жіктелетін шанақтың құнын ескере отырып өндіріс үшін пайдаланылатын автокомпоненттердің жалпы құнынан 70%-дан аспауы тиіс.
      3.6. Өндіруші Тізбеге енгізілген автокомпоненттерді «8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған» тауар позицияларында емес, КО СЭҚ ТН кодтары бойынша оларды жіктеу жолымен әкелу кедендік баждың қолданыстағы ставкаларын қолданып, әкелуді жүзеге асыруға құқылы.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Міндеттемелері мен кепілдіктерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      4.2. Автокомпоненттерді мақсатсыз пайдалану анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе кедендік орган 10 күнтізбелік күннен кеш емес мерзімде заңды тұлға автокомпоненттерді мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтау туралы хабарламаны жібереді. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен көзделген тәртіпте оларды пайдалану оларды әкетуге мақсатына сәйкес келмеген автокомпоненттерге өсімпұлды есептей отырып, кедендік бажды төлеуге міндетті. Кері жағдайда, Келісім бұзылады және «8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған» Біріңғай кедендік тариф позициясындағы автокомпоненттерді әкелуге рұқсат жойылады.
      4.3. Келісімнің басқа тармақтары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда уәкілетті орган заңды тұлғаға анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бір ай ішінде бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібереді.
      Анықталған бұзушылықтарды жоймау немесе тиісінше жоймау келісімді Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен көзделген тәртіпте бұзуға негіздеме болып табылады.

5. Форс-мажор

      5.1. Тараптардың ешқайсысы егер орындамау немесе кідіріс кешіктіру белгісіз күштердің (форс-мажор) жайларынан туындаған болса, келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.
      5.2. Форс-мажорға әскери шиленіс, табиғи апаттар, дүлей апаттар өзге де (өрт, күрделі апаттар, коммуникациялардың істен шығуы және т.б.) және басқа төтенше, жол беруге болмайтын жағдайлар жатады.
      5.3. Форс-мажорлық жағдайлардан туындаған келісім бойынша жұмысты толық немесе ішінара тоқтату жөніндегі өзгеріс форс-мажор әрекеті мерзімін келісімді іске асыру мерзімі ұзартыла отырып келісім кезеңдерін іске асыру жоспар-кестесіне енгізіледі.
      5.4. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда зиян шеккен Тарап, басқа Тарапты 15 жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама беру жолымен, оқиғаның басталу күні және форс-мажорлық жағдайларды сипаттай отырып хабардар етеді.
      5.5. Форс-мажорлық жағдайлар туындағанда, Тараптар болған жағдайды шешу жолдарын іздеуге келіссөз жүргізеді және ол жағдайлардың әсерін барынша азайтуға бар күш-жігерін салады.

6. Құпиялылық

      6.1. Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келісімнің қолданыс кезеңі ішінде іске асыру бойынша жұмысқа жататын барлық құжаттар, ақпараттар және есеп берулер жөніндегі құпияларды сақтау шарттарын орындайды.
      6.2. Тараптардың ешқайсысы, басқа Тараптан жазбаша келісімді алмай, келісім мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпиялы болып саналатын осы - келісім ережелерін, өзге де ақпараттарды мына жағдайлардан басқа жария етуге құқы жоқ:
      1) егер ақпарат сот тергеуінде пайдаланылатын болса;
      2) егер ақпаратты Тараптардың біріне келісім бойынша қызмет көрсететін үшінші тұлға ұсынатын болса, мұндай үшінші тұлға мұндай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау міндеттемесін өзіне алса және ол ақпараттарды Тараптармен белгіленген мақсаттарда және Тараптармен анықталған мерзімде қолданатын болса;
      3) егер ақпарат Тарап келісім бойынша қаржы қаражат алатын банкіге немесе басқа қаржы ұйымдарына ұсынылатын жағдайда, мұндай банк немесе қаржы ұйымы мұндай ақпараттың құпиялылығын сақтау міндеттемесін өзіне алған жағдайда;
      4) егер кез келген ақпаратты ала алатын, оның ішінде Өндірушінің кез келген банктік шотына, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетел банктеріндегі банктік шоттарына жататын банктік құпия болып табылатын ақпараттарға рұқсаты бар салық органдарына немесе Қазақстан Республикасының басқа өкілетті мемлекеттік органдарына ұсынылатын болса.

7. Дауды реттеу

      7.1. Осы келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
      7.2. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

8. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтатуы

      8.1. Осы келісім 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.
      Ескерту. 8.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8.2. осы Нұсқаулық шарттарын өзгертуді нашарлау жағына әкеп соғатын уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерін қабылдау жағдайында келісім мазмұны өзгертуге жатпайды.
      8.3. Осы келісім қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
      8.4. Астана қ. 2014 ж. «__» ________ әрқайсысы қазақ және орыс тілінде, бірдей заңды күші бар екі данада, әр тарапқа 1 (бір) данадан жасалады. Егер келіспеушіліктер болған жағдайда, осы келісімнің ережелерін талқылауда, тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
      Ескерту. 8.4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Тараптар қолы
      _____________