Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 31.07.2014 № 324 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 263 Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесінде:
19-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
4) тармақшада «тіркелген» деген сөз «қабылданған» деген сөзбен ауыстырылып, «.» тыныс белгісі «;» тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) ағымдағы қаржы жылы одан әрі пайдалану (түгел пайдалану) туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдамаған, өткен қаржы жылы пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер сомаларын қайтару.»;
43-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда баяндалсын:
«1) есепті айдағы жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер – бюджет түсімдерін санаттары, сыныптары, қосымша сыныптары мен бюджет түсімдерін жіктеу ерекшелігі бойынша және бюджет шығыстарын функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар бойынша толық көлемде электрондық деректер базасы түрінде және қағаз тасығышта есептіден кейінгі айдың 2 күнінен кешіктірілмей;»;
2) тармақшада «8» деген сан «10» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
«43-1. 1-27 нысан бойынша деректерге осы Ережедегі 19-қосымшаға сәйкес өзара өтелетін операциялар жөніндегі деректер қоса беріледі.
Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджет көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы ұсынылған деректермен бiрге оның билiгiндегi есеп көрсеткiштерiн салыстыруды жүргiзедi.
Бұл ретте, есептіден кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей ай сайын және есепті қаржылықтан кейінгі жылдың 12 қаңтарынан кешіктірмей осы Ережедегі 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті деректерді салыстыру актісі жасалады.
Осыдан кейін алшақтық себептерін анықтау және оларды келесі есепті кезеңде жою бойынша бірлескен жұмыс жүргізіледі.»;
46-тармақта:
1) тармақшада «есепті ай» деген сөздер «есептіден кейінгі ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Есепте бюджет түсімдері мен шығыстары теңдестірілмеген, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптарының арасында алшақтық болған жағдайда есептіден кейінгі келетін айдың соңына дейін, олардың пайда болу себептері көрсетіле отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының қойылған қолымен қағаз жүзінде расталып, электронды түрде берілетін түсініктеме жазба толтырылады.
Бұл ретте бюджет шығыстары кіретін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімдерінде мына бағандар бойынша бюджет шығыстарын жіктеу ерекшеліктері жөніндегі деректер қамтылуы тиіс:
«Есепті қаржы жылына арналып түзетілген бюджет»;
«Түсімдердің және төлемдер бойынша ағымдағы жылғы қаржыландырудың жиынтық жоспары»;
«Түсімдердің және міндеттемелер бойынша ағымдағы жылғы қаржыландырудың жиынтық жоспары»;
«Қабылданған міндеттемелер»;
«Бюджет түсімдерінің атқарылуы және бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер».
Көрсетілген бағандарға байланысты есептік деректер ерекшеліктер деңгейіне дейін ведомстволардың аумақтық бөлімшелері 1-27 нысаны бойынша ұсынған деректеріне негізделеді.
Қалған бағандар бойынша деректер кіші бағдарламалар деңгейіне дейін ұсынылады.»;
48-тармақтың 2) тармақшасындағы «10-нан кешіктірмей» деген сөздер «1-не дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
49-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«49. Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және арттыруға инвестициялық жобалар және инвестициялар бойынша қорытынды деректерді көрсете отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қалыптастырады.
Жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті жергілікті бюджеттер жөніндегі бюджеттік даму бағдарламаларының дамуы туралы есептердің негізінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.
Республикалық бюджет бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қоса берілетін объектілер бойынша Бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.»;
50-тармақтағы екінші абзацта, 51, 56-тармақтарда «бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға» деген сөздер «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
76-тармақта «бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға» деген сөздер «ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
86-тармақта:
«, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар және» деген сөздер алынып тасталсын;
«бөлімшесіне» деген сөз «бөлімшелеріне» деген сөзбен ауыстырылсын;
88-тармақта:
«мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар және» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бөлімшесіне» деген сөз «бөлімшелер» деген сөзбен ауыстырылсын;
91-тармақта «5» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын;
92-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«92. өзге қаражаттар есебінен пайда болған дебиторлық берешек жөніндегі ДЗ-П есебі былай толтырылады:
5 және 6-бағандар бағдарламалық қамтым айқындаған кодтармен толтырылады;
7-бағанда ағымдағы қаржы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен жылдардың дебиторлық берешегі көрсетіледі. 7-бағанда көрсетілетін дебиторлық берешек сомасы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы жылдық есеп берген сәттен бастап ағымдағы қаржылық жыл бойы өзгертілмеуі тиіс;
8-бағанда Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес ағымдағы қаржы жылы тиісті бюджеттің кірісіне аударылған өткен жылдардың дебиторлық берешегі көрсетіледі;
9-бағанда өзге негіздемелер бойынша өтелген (ағымдағы жылы алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер), сот шешімі бойынша шығынға жазылған және т.б.) өткен жылдардың дебиторлық берешегі көрсетіледі;
10-бағанда бір бөлігі ағымдағы қаржы жылы өтелгеннен кейін өткен жылдардың дебиторлық берешегінің қалдығы көрсетіледі;
11-бағанда ағымдағы қаржы жылы пайда болған дебиторлық берешек көрсетіледі;
12-бағанда есепті күнге қалыптасқан жалпы дебиторлық берешек көрсетіледі (10 және 11-бағандардың сомасы);
13-бағанда бюджеттік заңнамасындағы белгіленген тәртіпке сәйкес ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінде тіркелген өнім берушілермен және мердігерлермен жасалған шарттардың талаптарына сәйкес бюджет қаражаты есебінен тауарлар мен жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) сатып алу үшін төленген аванстық төлемдердің (алдын ала төлем) сомасы көрсетіледі;
14-бағанда талап арызының мерзімі өткен дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі. Аталмыш берешек есепке мемлекеттік мекеменің балансындағы активтерге, материалдық қорларға, ақшаға, есептеулерге және басқа да баптарына түгендеу жүргізілгеннен кейін және түгендеу актісі жасалғаннан кейін енгізіледі.»;
99-тармақта «және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган» деген сөздер «бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
101-тармақта «мемлекеттiк жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органдарға және» деген сөздер «бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы Ереженің 2-қосымшасының атауында:
«және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға» деген сөздер «, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы Ереженің 4-қосымшасындағы «оның ішінде сыртқы займдар есебінен» деген жол алып тасталсын;
осы Ереженің 8-қосымшасында:
«ІІІ. Операциялық сальдо» жолы алынып тасталсын;
«Бюджеттік қаражаттар қалдығының қозғалысы» жолы мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:
«Бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары»;
«Анықтамалық:» жолынан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Бюджеттік қаражаттардың қалдығы»;
«ІV, V, VІ, VІІ» деген сандар тиісінше «ІІІ, ІV, V, VІ» деген сандармен ауыстырылсын;
аталған Ереженің 18-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 19-қосымшамен толықтырылсын.
2. Бюджеттік үдеріс әдістемелігі департаменті (А.Н. Қалиева) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2010 жылғы
4 маусымдағы № 270 бұйрығына
1-қосымша
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органдардың бюджеттік есептілікті
жасау және беру Ережесіне
18-қосымша
Нысан
Есепті деректерді
салыстыру Актісі
__________ жылға
Республикасы (облыс, қала, аудан)_________________
Мерзімділік айлық, жылдық
Өлшем бірлік: мың.теңге
№ |
Атауы |
Бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның деректері бойынша |
Мемлекеттік бюджетті қамтамасыз етуді іске асыратын, аумақтық органдардың деректері бойынша |
Алшақтық (+,-) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Бекітілген бюджет |
|||
1.1 |
Кіріс |
|||
1.2 |
Шығын |
|||
1.3 |
Бюджеттік кредит |
|||
1.4 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
|||
1.5 |
Қаржы активтерін сатып алу |
|||
1.6 |
Қаржы активтерін сатудан түскен түсім |
|||
1.7 |
Займдардың түсімі |
|||
1.8 |
Займдарды өтеу |
|||
2 |
Нақтыланған бюджет |
|||
2.1 |
Кіріс |
|||
2.2 |
Шығын |
|||
2.3 |
Бюджеттік кредит |
|||
2.4 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
|||
2.5 |
Қаржы активтерін сатып алу |
|||
2.6 |
Қаржы активтерін сатудан түскен түсім |
|||
2.7 |
Займдардың түсімі |
|||
2.8 |
Займдарды өтеу |
|||
3 |
Түзетілген бюджет |
|||
3.1 |
Кіріс |
|||
3.2 |
Шығын |
|||
3.3 |
Бюджеттік кредит |
|||
3.4 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
|||
3.5 |
Қаржы активтерін сатып алу |
|||
3.6 |
Қаржы активтерін сатудан түскен түсім |
|||
3.7 |
Займдардың түсімі |
|||
3.8 |
Займдарды өтеу |
|||
4 |
Есепті кезеңдегі төлемдер бойынша қаржыландыру түсімдердің жиынтық жоспары |
|||
4.1 |
Кіріс |
|||
4.2 |
Шығын |
|||
4.3 |
Бюджеттік кредит |
|||
4.4 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
|||
4.5 |
Қаржы активтерін сатып алу |
|||
4.6 |
Қаржы активтерін сатудан түскен түсім |
|||
4.7 |
Займдардың түсімі |
|||
4.8 |
Займдарды өтеу |
|||
5 |
Есепті кезеңдегі міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары |
|||
5.1 |
Шығын |
|||
5.2 |
Бюджеттік кредит |
|||
5.3 |
Қаржы активтерін сатып алу |
|||
5.4 |
Займдардың түсімі |
|||
6 |
Бюджеттік түсімдердің және /немесе төленген міндеттемелердің орындалуы |
|||
6.1 |
Кіріс |
|||
6.2 |
Шығын |
|||
6.3 |
Бюджеттік кредит |
|||
6.4 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
|||
6.5 |
Қаржы активтерін сатып алу |
|||
6.6 |
Қаржы активтерін сатудан түскен түсім |
|||
6.7 |
Займдардың түсімі |
|||
6.8 |
Займдарды өтеу |
|||
7 |
Қаржылық жыл басындағы бюджеттік қаражаттар |
|||
8 |
Қаржылық жыл соңына бюджеттік қаражаттар |
|||
9 |
ҚР ҰБ салымдарын (депозиттер) ақша орналастыру үшін бюджеттің атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға берілген, уақытша бос бюджет қаражаты |
Бюджеттің орындалуы бойынша жергілікті
уәкілетті органның басшысы
М.О. ______ __________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
Бюджеттің орындалуы туралы есептің
қалыптастыруына жауапты,
ведомства аймақтық бөлімше басшысы
М.О. ________ _________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
Мемлекеттік бюджеттің орындалуын
іске асыратын ведомства,
аймақтық бөлімшесінің басшысы
М.О. ________ _________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
Мемлекеттік бюджеттің орындалуын
іске асыратын, аймақтық ведомстваның
тиісті құрылымдық сәйкес
бөлімшесінің басшысы
М.О. ________ ________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
Ескерту: алшақтық болған жағдайда салыстыру актісіне алшақтықтың пайда болуы туралы кеңейтілген түсіндірме жазба қолданылады
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2010 жылғы
4 маусымдағы № 270 бұйрығына
2-қосымша
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органдардың бюджеттік есептілікті
жасау және беру Ережесіне
19-қосымша
Нысан
Өзара өтелетін төлемдер операциясы бойынша деректер
_________________________________
(жергілікті бюджеттің атауы)
____________жылға
1-27 нысанына Қосымша
Есеп жасалынды: уақыты
ХN парағына дейін
Республика (область, қала, аудан) ______________________
Мерзімділігі айлық, жылдық _____________________________
Өлшем бірлігі: мың. теңге
Бюджеттік жіктеу жүйесі |
Атауы |
Есепті қаржы жылына бекітілген бюджет |
Есепті қаржы жылына нақтыланған бюджет |
Есепті қаржы жылына түзету енгізілген бюджет |
Түсімдер мен төлемдерді қаржыландыру жөніндегі жиынтық жоспары, есепті жылға міндеттемелерді қаржыландыру жөніндегі жиынтық жоспары |
Қабылданған міндеттемелер |
Төленбеген міндеттемелер |
Бюджет түсімдерінің орындалуы/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер (сол бағдарлама бағытындағы) |
Есепті жылға түсімдер мен төлемдерді қаржыландыру жөніндегі жиынтық жоспарына бюджет түсімдерінің орындалуы/ немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер (сол бағдарлама бағытындағы) |
Орындалатын (бекітілген, нақтыланған, түзету енгізілген) бюджетке, бюджет түсімдерінің орындалуы/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер (сол бағдарлама бағытындағы), % |
|
Төлемдер бойынша |
Міндеттемелер бойынша |
||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
I. Табыстар |
|||||||||||
II. Шығындар |
|||||||||||
III. Таза бюджеттік несиелер |
х |
х |
|||||||||
Бюджеттік несиелер |
|||||||||||
Бюджеттік несиелерді өтеу |
|||||||||||
IY. Қаржы активтерінің операциялары бойынша қалдық |
х |
х |
|||||||||
Қаржы активтерін сатып алу |
|||||||||||
Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер |
Мемлекеттік бюджеттің орындалуын жүзеге асырушы, ведомстваның
аймақтық бөлімшесінің басшысы _________ _____________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
М.О.
Жиынтық жоспарды әзірлеуге және құрастыруға жауапты,
құрылымдық бөлімшесінің басшысы _________ ____________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
Деректерді құрастыруға жауапты,
құрылымдық бөлімшесінің басшысы _________ _____________________
(қолы) (қолын ашып жазу)