Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережелері мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 39 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6278 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережелері мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесі бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шет мемлекеттердің ережелері мен ұсыныстарын есепке алу және қолдану туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті төрағасының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3658 тіркелген, 2005 жылғы 16 қыркүйекте № 106-107 (731) «Заң газетінде» жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.С. Камалиевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                   А. Рау

Қазақстан Республикасы     
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі міндетін атқарушының 
2010 жылғы 23 сәуірдегі № 39  
бұйрығымен бекітілген     

Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережесі мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесі

      Осы Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережесі мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес әзірленді.
      Осы Ереже халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына қолданылмайды (бұдан әрі – халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары), оны өнімдерді өндіру, процестерді, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және эксперимент жұмыстары кезінде қолдану жоспарланады.
      Осы Ереже Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес немесе Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (бұдан әрі - ТМД) елдерінің құрылысындағы техникалық нормалау және стандарттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия қабылдаған өңірлік стандарттарға таралмайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ұқсас (баламалы) стандарттар - мазмұны мен ұсыну құрылымы (нысаны) бойынша ұқсас үйлестірілген стандарттар;
      2) түрлендірілген стандарттар - сәйкестендіру және түсіндіру шарттары кезінде көріну нысаны бойынша техникалық ауытқулары және (немесе) айырмашылықтары болатын үйлестірілген стандарттар;
      3) балама емес стандарттар - халықаралық стандарттың техникалық ережесінің аз бөлігі және (немесе) сәйкестендірілмеген техникалық ауытқулары бар, ұсыну нысаны бойынша айырмашылықтары болатын стандарттар;
      4) халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының құрылымы – бөлімдерді, тармақтарды, тармақшаларды, кестелерді, графикалық материалдарды және қосымшаларды мазмұндау тәртібі;
      5) талап - сақталуға тиісті өлшемдері болатын халықаралық стандарттардың және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының ережесі;
      6) уәкілетті орган – техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      2. Қазақстан Республикасы аумағында «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы, 1-тармағында қарастырылған мақсаттарға сәйкес келетін халықаралық және өңірлік стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, ережелер, нұсқаулықтар және ұсынымдар, ұлттық стандарттарды, ұйым стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі ережелер, нормалар мен ұсынымдары қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға жататын халықаралық, өңірлік стандарттар, ұлттық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы техникалық регламенттерде және олармен үйлестірілген стандарттарды белгіленген талаптарға қарама–қайшы болмауға және сапа көрсеткіші бойынша мемлекеттік стандарттардан төмен болмауға тиіс.
      4. Халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары өнімнің, процестердің қауіпсіздігіне байланысты мемлекеттік қадағалау органдарымен олардың құзыреті шегінде, келісуге жатады.
      5. Қазақстан Республикасы аумағында мыналар қолданыла алады:
      1) мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар;
      2) мемлекеттік техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері ретінде халықаралық және өңірлік техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері;
      3) Қазақстан Республикасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда немесе нақты жеке немесе заңды тұлғаларға арналған есептік тіркеуде талаптарын енгізу арқылы халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар;
      6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары негізінде халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану үшін қажетті шарттар:
      1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарға мүшелігі;
      2) стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы екі жақты (көпжақты) келісім-шарттардың (келісімдердің) болуы қажетті шарттар болып табылады.
      7. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасы мүшелігі болып табылмайтын халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын қолдану келісім-шарттарда және шарттарда көрсетілген стандарттарда сілтеме болған кезде жүзеге асырылады.
      8. Шетел мемлекеттерінің ұйым стандарттарын қолдану көрсетілген стандарттарды қолдануға құқығы болатын олардың түпнұсқасын ұстаушы ұйымдарымен шарт (рұқсаттама) негізінде жүзеге асырылады.
      9. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға қабылданған халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштер, ТМД елдерінде әзірленген салалық стандарттар, ұйым стандарттары және техникалық шарттар тіркеу нөміріне ие болып, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізіледі.
      10. Мемлекеттік стандарттар ретінде қабылданған және есептік тіркеуден өткен халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар туралы ақпарат, сондай-ақ хабарлама мәтіндері жыл сайынғы және ай сайынғы мемлекеттік стандарттардың ақпараттық көрсеткішінде жария етіледі (ҚР СТ АК).
      Жария етілуге сондай-ақ хабарлама мәтіндері және есептік тіркеуден өткен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар туралы ақпарат жатады.
      11. Мемлекеттік стандарттардың халықаралық және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына сәйкестік дәрежесі туралы ақпарат қалыптастырылатын электронды деректер қорына, мемлекеттік стандарттары бойынша каталогтар мен сілтемелерге кіреді.
      12. Халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына бұрын енгізілген өзгертулер мен толықтырулар олардың ажыратылмайтын бөлігі ретінде ескеріледі және қолданылады.
      13. Стандарттау жөніндегі халықаралық және шетелдік нормативтік құжаттардың есептік тіркеуден өтетіні туралы ресми ақпарат жарияланғаннан кейін, олардың қолданылуына мүдделі жеке және заңды тұлғалар өнімнің, процестің қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалау органдарымен келісуден өтудің қосымша процедурасынан өтпей құжат пайдаланушы қатарына кіргізіледі.

2. Мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды қолдану

      14. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар ретінде Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың қолданылуы мына әдістермен жүзеге асырылады:
      1) растау;
      2) қайта басу.
      15. Халықаралық стандарттар талаптарына мемлекеттік стандарттар талаптарының мынадай сәйкестік дәрежелері қолданылады:
      1) ұқсастығы (баламалығы);
      2) өзгерістер енгізу (түрлендіру);
      3) балама еместігі.
      16. Олардың сәйкестік дәрежесі мынадай индекстермен белгіленеді:
      IDT - талаптары ұқсас болғанда;
      МОD - өзгерістер енгізілгенде (түрлендірілген стандарттар үшін);
      NEQ - талаптардың балама еместігі кезінде.
      17. Мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды қолдану жөніндегі міндеттер мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына және (немесе) бағдарламасына кіреді.
      18. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарға растау әдісін қолдану кезінде стандарттар көрсеткішінде (каталогта) ұйымдық - өкімдік құжатты жариялау арқылы мемлекеттік стандарт статусы беріледі.
      Бұл әдіс мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми аударма нұсқасы болған және халықаралық, өңірлік және ұлттық стандартқа редакциялық өзгерістер енгізу қажеттігі болмаған жағдайда мемлекеттік стандартқа сәйкестіктің балама деңгейімен халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарт үшін қолданылады.
      19. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттың мемлекеттік стандарт түрінде қайта басылу әдісі:
      1) аудару;
      2) жаңа басылымын құру жолымен қолданылуы мүмкін.
      20. Аудару әдісін қолдану кезінде халықаралық стандарттың мемлекеттік және орыс тіліндегі ресми аударма жүзеге асырылады.
      Аудару әдісі сәйкестендірілген немесе түрлендірілген сәйкестік деңгейімен мемлекеттік стандарттар үшін қолданылады.
      Сонымен қатар халықаралық, өңірлік және ұлттық стандартты басу кезінде атауы және аударма жүзеге асырылған ресми тілдің әріптік белгілеуі көрсетіледі.
      21. Жаңа редакцияның құрылуы халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттың мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми нұсқасының болуы жағдайда немесе ресми аудармасы негізде және халықаралық, өңірлік және ұлттық стандартқа редакциялық өзгерістер, техникалық ауытқулар енгізу және (немесе) халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарт құрылымында айырмашылықтар болған жағдайда түрлендірілген сәйкестік деңгейімен мемлекеттік стандарттар үшін қолданылады.

3. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу

      22. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу:
      1) жаңа технологиялар мен өнімді енгізумен байланысты халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды шұғыл қолдану талап етілетін;
      2) халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасы аумағында шектеулі пайдалануға ие болатын жағдайларда нақты пайдаланушылар үшін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік және орыс тіліндегі халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының түпнұсқалық аудармасы қолдануға жатады.
      23. Өнімге және онымен өзара байланысты объектілерге (терминологияға, жіктеуге, сынамаларды іріктеуге, бақылау әдістеріне, тасымалдау, сақтау, буып-түю, таңбалау, пайдалану, кәдеге жарату ережелеріне) арналған халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары есептік тіркеуге жатады.
      24. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеуге алу үшін мынадай құжаттар:
      1) уәкілетті органның ведомствалық ұйымы растаған халықаралық стандарт пен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары мен мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі түпнұсқалық аудармасының екі көшірмесі;
      2) стандарттардың түпнұсқалары иесімен жасалған келісім-шарттың, ұйымның, ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа қоғамдық бірлестіктердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының, салалық стандарттардың, түпнұсқа иесінің осы құжаттарға қабылданған барлық өзгерістермен тұтынушыларды қамтамасыз етуі жөніндегі міндеті баяндалған техникалық шарттардың, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды үшінші жаққа беруге құқығын растау немесе жоққа шығару көшірмесі;
      3) егер халықаралық стандарттарда және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарында олардың құзыретіне кіретін өнімдерге, процестерге қойылатын міндетті талаптары бар болса, өнімнің, процестердің қауіпсіздігіне мемлекеттік органдары қорытындысының көшірмесі;
      4) өнімнің каталог парағы (салалық стандарттар, ұйым стандарттары және техникалық шарттар, егер олар ТМД елдерінде әзірленген болса).
      25. Ұсынылатын халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары нөмірленген, тігілген және мөрмен таңбаланған болуы керек.
      Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеуді уәкілетті орган жүргізеді.
      26. Есептік тіркеу уәкілетті орган халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды мемлекеттік стандарттар ретінде, ал ТМД елдерінің стандарттарын мемлекеттік немесе мемлекетаралық стандарттар ретінде, бірақ халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттардың қолданылу мерзімінен артық емес қолдану туралы шешім қабылдағанға дейінгі мерзімде, сонымен қоса өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенше қолданылады.
      27. Есептік тіркеуден өткен халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын, сондай-ақ нормативтік сілтемелерді өзекті етуге оларды пайдаланушылар жүргізеді.
      28. Есептік тіркеу жүргізу туралы шешім қабылданған халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың (олардың ресми аудармаларында) мұқабаларында (титул беттерінде) мыналар көрсетіліп мөртабан басылады:
      1) уәкілетті тіркеу органының шартты сандық белгісі мен атауы;
      2) есептік тіркеу нөмірі;
      3) тіркелген күні.
      Мөртабан мұқабада төменгі немесе оң жағы бұрышына қойылады.
      Шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары мен халықаралық стандарттарының материалдарына есептік тіркеу жүргізгеннен кейін уәкілетті орган Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорына тапсырады.
      29. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қарау мерзімі есептік тіркеу жүргізуге уәкілетті органға ұсынған күннен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды.
      30. Уәкілетті орган мүдделі тұлғаларды есептік тіркеу жүргізуге бас тарту туралы оның себептерін көрсете отырып, жазбаша түрінде хабарлайды.
      31. Есептік тіркеуден өткен халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары аталған стандарттар мен стандарттау жөніндегі құжаттардың әрекеті қолданылатын объектілерге қойылатын өзге де міндетті талаптарды белгілейтін техникалық регламент қабылданған жағдайда қолдануға жатпайды.