Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 41 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6277 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесі бекітілсін.
      2. «Мемлекеттік стандарттау жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 106 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3639 тіркелген, 2005 жылы 5 қарашада «Ресми газетінде» № 46 (254) жарияланған) күші жойылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.С. Камалиевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                 А. Рау

Қазақстан Республикасы      
Индустрия және жаңа технологиялар  
министрі міндетін атқарушының
2010 жылғы 23 сәуірдегі № 41    
бұйрығымен бекітілген     

Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс
жоспарлары мен бағдарламаларын
әзірлеу және бекіту ережесі

      Осы ереже «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 25-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді.
      Осы ереже мемлекеттік органдарға, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға таратылады.

1. Жалпы ережелер

      1. Стандарттау жөніндегі жоспарлар (бұдан әрі - Жоспар) жыл сайын әзірленеді.
      Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс бағдарламалары (бұдан әрі - Бағдарлама) орташа мерзімге (3 жылдан кем емес) немесе ұзақ мерзімді үш жылдық кезеңдерге міндетті бөлініп (3 жылдан артық) кезеңге құрылады. Ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары тиісті орташа мерзімді кезеңдерге әзірленеді.
      2. Жоспарларда:
      1) оның мазмұны мен стандарттау объектілерін көрсетіп, әзірленетін стандарт атауы мен белгісі;
      2) республикада қолданыстағы стандартты жіктеу және кодтау коды;
      3) мемлекеттік стандарттарды дайындау және бекіту мерзімдері;
      4) стандартты дайындауға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар;
      5) мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру;
      6) әзірлеуші ұйым/қоса орындаушы;
      7) қаржыландыру көзі көрсетіледі.
      3. Бағдарламаларда:
      1) іс-шаралар атауы мен белгісі;
      2) мемлекеттік стандарттарды дайындау және бекіту мерзімдері;
      3) іс-шараларды дайындауға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар көрсетіледі.
      4. Жоспар мен Бағдарламалар республикада техникалық регламенттерге дәлел қор құру және стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында, оның ішінде халықаралық стандарттарға көшу жолымен жалпы ұлттық сипаттағы міндеттерді, жұмыстар, қызметтер көрсету, процестер, бәсекеге қабілетті өнімді өндіруді қамтамасыз ету бөлігінде әзірленеді.
      5. Жоспар мен Бағдарламаны техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органы (бұдан әрі - уәкілетті орган), мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, ғылыми-техникалық, инженерлік және қоғамдық бірлестіктердің, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының экономика салаларының қажеттіктерін есепке алып, қолданыстағы нормативтік құжаттарға алдын ала талдау жүргізу негізінде техникалық регламенттерге дәлел қор қалыптастыру және дамыту және техникалық реттеу бойынша мүдделі субъектілерді (өнім өндірушілер, тұтынушылар) қатыстырып мемлекеттік стандарттарды әзірлеу қажеттіктерін есепке алып қалыптастырады.
      6. Жоспар мен Бағдарламаны әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен техникалық реттеу, әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен ғылыми – зерттеу жұмыстарымен, жылдық және ұзақ мерзімді мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларда белгіленген талаптар ескеріледі.

2. Жоспарды әзірлеу және бекіту

      7. Жоспарға мемлекеттік стандарттардың мынадай түрлері мен стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттар кіреді:
      1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейтін негіз құраушы стандарттар;
      2) өнімдер, қызметтер көрсетудің біртекті топтарына және қажет жағдайда нақты өнімге, қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, қызметтер көрсетуге қойылатын стандарттар;
      3) процестерге арналған стандарттар;
      4) өнімді, қызметтер көрсетуді, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттар;
      5) Қазақстан Республикасы техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштері;
      6) өңірлік стандарттар.
      8. Жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 30 наурызына дейін уәкілетті орган Жоспарды қалыптастырудың басталғаны және Жоспар жобасына ұсыныстар дайындау туралы ақпаратты www.memst.kz интернет ресурсында орналастырады.
      9. Техникалық реттеу субъектілері осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсыныс-өтінімді толтырады және уәкілетті органға жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей жібереді.
      Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес стандарт әзірлеуге арналған техникалық-экономикалық негіздеме Жоспарға ұсыныс-өтінімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      10. Жоспар жобасына, мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бөлігінде ұсыныс-өтінімдерді Қазақстан Республикасында жүргізетін мемлекетаралық техникалық комитеттер немесе онымен келісім бойынша өзге ұйымдар береді.
      11. Уәкілетті орган келіп түскен ұсыныстарға талдау жүргізеді және жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Жоспар жобасын осы Ережелерінің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда Жоспар жобасын қалыптастырады.
      12. Қалыптастырылған Жоспар жобасы уәкілетті орган интернет ресурсында техникалық реттеудің барлық мүдделі субъектілері қарастыру үшін орналастырылады. Жоспар жобасын орналастыру туралы уәкілетті орган келісу мақсатында жазбаша түрде мемлекеттік органдарға орналастырған мерзімінен 5 күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.
      13. Уәкілетті орган Жоспар жобасын интернет ресурсында орналастырғаннан кейін 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жазбаша түрде келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды қарастыруды жүзеге асырады.
      14. Пікірлер алғаннан кейін уәкілетті орган Жоспар жобасының қорытынды басылымын қалыптастырады және үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде уәкілетті орган жанындағы техникалық реттеу және метрология жөніндегі Ғылыми-техникалық комиссияның (бұдан әрі – ҒТК) қарауына ұсынады.
      Жоспар жобасына келіп түскен ұсыныс өтінімдер мен түсіндірме жазба қоса беріледі. Түсіндірме жазбада әзірлеуге келіп түскен ұсыныс - өтінімдердің жалпы саны, себептері көрсетіліп қабылданбаған өтінім ұсыныстардың саны туралы ақпарат, жоспарланған жұмыстарға, белгіленетін басым бағыттарға, нормативтік құжаттардың санаттары мен түрлеріне, жұмыс түрлеріне, әзірлеушінің жұмысты орындау мерзімдеріне, әзірлеменің өтпелі тақырыбына, қаржыландыру көздеріне талдамалық шолу беріледі.
      15. Жоспар уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      16. Уәкілетті орган бекіткеннен кейін Жоспар және жоспарға стандарттың атауы, нормативтік құжаттың санаты, жұмыс түрі, бекіту мерзіміне өзгерістер 30 күнтізбелік күн мерзімінде толық көлемде Қазақстан Республикасы стандарттарының кезекті ақпараттық сілтемесінде және Интернет ресурстарында жарияланады.
      17. Техникалық реттеуге мүдделі субъектілердің ұсыныстары бойынша, өкілетті орган жоспарлаған кезеңде Жоспарға толықтырулар немесе өзгертулер мына жағдайларда:
      1) өкілетті органның шешімі бойынша (стандарттау объектілерінің атауларына) тақырыптарына және жұмысты орындау мерзімдеріне өзгертулер;
      2) техникалық реттеу субъектілері мен орындаушылардың ұсыныстары бойынша мерзімнің орындалуы көрсетілген тақырыптың өзгеруіне байланысты жазбаша нысанда негіздеме болғанда өзгертулер енгізілуі мүмкін.
      Жоспарға өзгертулер енгізу кезеңдері ағымдағы жылда 2 реттен артық емес жүргізіледі.

3. Бағдарламаны әзірлеу және бекіту

      18. Бағдарлама стандарттау саласындағы өте ірі және маңызды экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенін анықтау мақсатында әзірленеді.
      19. Бағдарлама келісілген мерзімдер, ресурстар және Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басымдылықтарын есепке алып қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін күтілетін нәтижелерді көрсетіп іс-шараларды орындаушылар жүйесінен тұрады.
      20. Бағдарлама құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) паспорты;
      2) кіріспе;
      3) проблеманың қазіргі жағдайына талдау;
      4) мемлекеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттері;
      5) негізгі бағыттары;
      6) қажет ресурстар және қаржыландыру көздері;
      7) Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже және бағдарлама индикаторлары;
      8) Бағдарламаны жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспары.
      21. Бағдарламаны әзірлеу мен бекітудің мынадай кезеңдері қарастырылады:
      1) ұйымдастырушылық;
      2) Бағдарлама жобасын әзірлеу;
      3) Бағдарламаны келісу және бекіту.
      22. Бағдарлама жобасын әзірлеудің ұйымдастыру кезеңі мыналарды қамтиды:
      1) Бағдарлама жобасын нысандау жылының алдындағы жылдың 5 қарашасынан кешіктірмей уәкілетті органға ұсыныстар жіберу;
      2) Бағдарламаны әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімше немесе ведомствалық кәсіпорынды анықтау (бұдан әрі - жауапты орындаушы);
      3) уәкілетті орган басшысы бекіткен кезден бастап оларды мемлекеттік органдар мен қоса атқарушы ұйымдарға құжаттарды (Бағдарламаны әзірлеудің үйлестіруші жоспары, Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, оның тұжырымдамалық тәсілі, бағдарламаның негізгі бөлімдерінің құрылымы) 3 жұмыс күні ішінде жіберу.
      23. Бағдарлама жобасын әзірлеу кезеңі:
      1) Бағдарламаны қоса атқарушы ұйымның мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты уәкілетті органға оның әзірленетін мемлекеттік бағдарламаға тұжырымдамалық тәсіл бойынша, оның ішінде оның бөлімдеріне, мақсатына, міндеттеріне және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сұрауы бойынша ұсыныстарды;
      2) бағдарлама жобасын, оның ішінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса атқарушы ұйымдардың ұсыныстары негізінде жауапты орындаушының оны дайындауын көздейді.
      24. Бағдарламаны келісу және бекіту кезеңдері:
      1) жауапты орындаушының Бағдарлама жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберуді;
      2) жауапты орындаушының Бағдарламаға мүдделі мемлекеттік органдардан ескертулер мен ұсыныстарды енгізеді. Ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарды қабылдамаған жағдайда жауапты орындаушы ескертулер мен ұсыныстар келіп түскеннен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей бас тарту себебінің негіздемесі бар жауапты жібереді;
      3) жауапты орындаушының Бағдарлама жобасына ескертулер мен ұсыныстарды есепке алып ҒТК қарастыруға жіберуді қосады. Бағдарлама жобасына келіп түскен өтініштер, түсіндірме жазба және келісу нәтижелері қоса беріледі;
      4) ҒТК Бағдарламаны бекіту туралы шешімді қабылдауды қамтиды.
      Бағдарламаны бекіту немесе толықтыруға қайтару туралы шешім ҒТК отырысының хаттамасына енгізіледі;
      5) Бағдарламаны уәкілетті орган басшысының бекітуін қамтиды.

Мемлекеттік стандарттау   
жөніндегі жұмыс жоспарлары  
мен бағдарламаны әзірлеу   
және бекіту ережесіне    
1-қосымша          

үлгі

Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына
өтінім - ұсыныстар
_______________________________

өтінім берушінің толық атауы мен мекен-жайы

№ р/с

Тапсырма (тақырып) коды МСЖ коды (МК (ИСО/ИНФО МКС) 001 - 96) бойынша

Мемлекеттік стандарт жобасының атауы Жұмыс түрі

Әзірлеменің мақсаты (негіздеме)

Қаржыландыру көзі

Жұмыстарды орындау мерзімі

Орындаушы ұйым

Болжамды әзірлеуші ұйым/қоса орындаушы

әзірлеуді бастау

Жобаның қорытынды басылымын уәкілетті органға бекітуге ұсыну


2

3

4

5

6

7

8

9










      ______________________________    ___________________
      ___________________________
     (Орындаушы ұйым                  (жеке қолы)      (Т.А.Ә.)
      басшысының (басшы
      орынбасарының) лауазымы,
      ұйым атауы)
      ________________________
      М.О.
      ________________________    ___________    ________________
      (орындаушы лауазымының      (жеке қолы)       (Т.А..Ә.)
      атауы)
      ______________________
      (орындаушы телефоны)
      «___» __________ ________20__ж.

      Ескертпе:
      1. Өтінім-ұсыныс әр тақырып бойынша жеке стандарттау объектісін көрсетіп толтырылады.
      2. 7-баған қабылданған Әділ практика кодексінің талаптары ескеріліп толтырылады, яғни стандарт жобасы уәкілетті органға бекітуге жоспарланған бекіту мерзімінен 2 ай бұрын келіп түсуі керек (НҚ сараптама жүргізу мерзімі – 60 күн).
      3. Ұсыныс - өтінімдер жыл бойына тең бөлінуі керек. Стандартты бекіту мерзімі – жоспарланған жылдың 1 желтоқсанынан кешікпеуі керек.
      4. Әр тақырып бойынша ұсынысқа техникалық – экономикалық негіздеме жүргізіледі.

Мемлекеттік стандарттау   
жөніндегі жұмыс жоспарлары  
мен бағдарламаны әзірлеу
және бекіту ережесіне    
2-қосымша         

үлгі

Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына өтінім – ұсынысқа техникалық–экономикалық негіздеме

__________________________________________________________________
Жұмыс түрінің атауы және стандарт атауы

      Техникалық-экономикалық негіздеме мыналардан тұруы керек:
      стандарт жобасын әзірлеу қажеттігі, өзектілігі, мақсатқа сайлығы және әзірленетін стандарттау нысанына қойылатын талаптарды белгілеу қажеттігі туралы мәліметтер, оларды нақты негіздемеден (бұл жағдайда әзірленетін стандарт өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, Қазақстан Республикасы дайындаушы мен тұтынушысын қорғауға бағытталғаны туралы мәліметтер, сондай-ақ дайындаушы мен тұтынушының әзірленетін стандарттау объектісіне мүдделігі туралы мәліметтер берілуі керек);
      стандарттау объектісінің жағдайы туралы мәліметтер мен оның сипаттамасы;
      өткізілген ҒЗЖ, ТҚЖ және алынған нәтижелер (болған жағдайда) туралы мәліметтер;
      стандарттау объектісінің қазіргі заман талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер;
      стандарттау объектісінің халықаралық, өңірлік және өзге мемлекеттердің ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер;
      осы стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың болмауы немесе оларды қайта қарау қажеттігі туралы мәліметтер;
      балама техникалық құжаттар қолданылу жағдайда мемлекеттік стандартты әзірлеу негізділігі туралы мәліметтер (мысалы МЕМСТ қолданылатын жағдайда ҚР СТ әзірлеу);
      осы стандарттау объектісіне қатысты мемлекеттік стандарттарды, халықаралық, мемлекетаралық стандарттарды талдау туралы мәліметтер;
      стандарттау объектісінің стандарттаудың өзге объектілерімен өзара байланысы және олармен әзірленіп отырған стандарт өзара байланысты болуы керек қолданыстағы нормативтік құжаттарды талдау туралы мәліметтер;
      мемлекеттік стандарттау әзірлеумен байланысты стандартты және (немесе) өзге нормативтік құжаттарды болжалды жою туралы ақпарат.

__________________________________            ___________________      ____________________________
(Орындаушы ұйым                  (жеке қолы)            (Т.А.Ә.)
басшысының (басшы
орынбасарының) лауазымы,
ұйым атауы)
________________________
      М.О.

________________________            ______________      ________________________
(орындаушы лауазымының             (жеке қолы)           (Т.А.Ә.)
атауы)
_______________________
(орындаушы телефоны)
«___» _____________ ________20__ж.

Мемлекеттік стандарттау  
жөніндегі жұмыс жоспарлары  
мен бағдарламаны әзірлеу
және бекіту ережесіне    
3-қосымша         

үлгі

Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспары

№ р/с

Тапсырма (тақырып) коды МСЖ коды (МК (ИСО/ИНФО МКС) 001 - 96) бойынша

Мемлекеттік стандарт жобасының атауы Жұмыс түрі

әзірлеменің мақсаты (негіздеме)

Қаржыландыру көзі

Жұмыстарды орындау мерзімі

Орындаушы ұйым

Болжамды әзірлеуші ұйым/қоса орындаушы

әзірлеуді бастау

Жобаның қорытынды басылымын уәкілетті органға бекітуге ұсыну


2

3

4

5

6

7

8

9

1-бөлім Техникалық реттеу және метрология саласында негіз құраушы мемлекеттік стандарттарды әзірлеу










2-бөлім Экономика секторларында мемлекеттік стандарттарды әзірлеу










3-бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіштері










4-бөлім Стандарттау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламалар шегінде стандарттар әзірлеу










      Ескертпе:
      1. 1-бағанда әзірленетін құжаттың реттік нөмірі көрсетіледі.
      2. 2-бағанда стандарттардың мемлекетаралық жіктеуіші МЖ (ИСО/ИНФКО МКС) бойынша код көрсетіледі.
      3. 3-бағанда әзірленетін құжаттың атауы мен белгісінен кейін жұмыстардың мына түрлері көрсетіледі:
      «ҚР СТ... әзірлеу» (жаңа құжаттар үшін).
      «ҚР СТ/Қаз ССК РСТ...орнына» (ҚР СТ немесе ҚазССР РСТ қайта қараған жағдайда)
      «ОСТ...орнына» (ОСТ ҚР СТ сатысына аударған жағдайда).
      «ҚР СТ... өзгеріс».
      4. Халықаралық стандарттарды тікелей қолданған жағдайда жұмыс түрінен кейін жақша ішінде қолданылатын ҚР СТ (ҚР СТ/ИСО..., ҚР СТ/МЭК...) белгісі көрсетіледі.
      5. 4-бағанда жұмыстардың басым бағыттары мен әзірлеу үшін негіздеме (Үкімет және мемлекеттік органдар тапсырмасы, өзектілігі, халықаралық стандарттармен үйлестіру және т.б.) көрсетіледі.