Мемлекеттік стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 40 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6274 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 495 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 28.12.2012 № 495 Бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етуді Қазақстан

      Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі

      Б.С. Камалиевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

А. Рау


  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
Министрінің Міндеттерін атқарушының
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 40 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік стандарттарды, техника-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жүргізу, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесі

      Осы мемлекеттік стандарттарды, техника-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жүргізу, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес әзірленді.

      Осы Ереже мемлекеттік органдарға, стандарттау бойынша техникалық комитеттерге (бұдан әрі - ТК), жеке және заңды тұлғаларға таратылады.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік стандарттар (бұдан әрі - стандарт) мен техника-

      экономикалық ақпарат жіктеуіштерін (бұдан әрі - ТЭА жіктеуіштері) әзірлеу мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Стандарттарда белгіленетін талаптар ғылыми - зерттеу, тәжірибелік - конструкторлық және жобалау жұмыстарының нәтижелеріне, патенттік зерттеулерге, халықаралық, өңірлік немесе ұлттық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының ережелеріне және (немесе) отандық және шетелдік ғылым, техника мен технологиялардың басқа да қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделеді.

2. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу тәртібі

      3. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

      1) әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      2) қарастыру және келісу;

      3) сараптама;

      4) бекіту және тіркеу.

      4. Стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін, оларға өзгерістерді әзірлеудің басталғаны және олардың әзірлеушілері туралы ақпарат техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) интернет-ресурсында орналастырылады.

      5. Стандарт және ТЭА жіктеуіштерін әзірлеуші стандарт жобасы мен оған түсіндірме жазба әзірлеуді жүзеге асырады.

      Түсіндірме жазбада:

      1) техника-экономикалық негіздеу және (немесе) стандартты және ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу мен қолданудан экономикалық тиімділікті есептеу;

      2) сәйкес тапсырманы көрсетіп стандартты және ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу үшін негіз;

      3) стандарттау нысанын сипаттау;

      4) стандарт және ТЭА жіктеуіштері жобасының Қазақстан Республикасының заңнамасы мен техникалық регламенттер, халықаралық стандарттар талаптарына, сондай-ақ ғылыми-техникалық дамудың қазіргі заманғы деңгейіне сәйкестігі туралы ақпарат;

      5) стандарт және ТЭА жіктеуіштері жобасының техникалық регламенттермен және стандарттау бойынша нормативтік құжаттармен өзара байланысы туралы мәліметтер;

      6) стандарт және ТЭА жіктеуіштері жобасын қарастыру мен келісуге тарату туралы мәліметтер;

      7) стандарт және ТЭА жіктеуіштері жобасын әзірлеу кезінде

      пайдаланылған стандарттау бойынша нормативтік құжаттар туралы ақпарат;

      8) стандарт және ТЭА жіктеуіштері жобасын әзірлеуші мен қоса

      орындаушылар (электронды поштасын, байланыс телефоны/факсті қоса мекен-жайы), әзірлеу мерзімі туралы деректер.

3. Стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін келісу тәртібі

      6. Стандарт және ТЭА жіктеуіші стандарттау объектісіне байланысты:

      1) мемлекеттік органдарға олардың құзыреті шегінде;

      2) қызмет саласына сәйкес стандарттау жөніндегі техникалық

      комитеттерге;

      3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарға;

      4) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген салалық

      бірлестіктеріне;

      5) ғылыми-зерттеу институттарына (қажеттілігіне қарай) келісуге

      жіберіледі.

      7. Стандарттардың және ТЭА жіктеуіштерінің жобаларын, соның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылғандарын келісу мерзімі қарауға түскен күндерінен бастап 60 күнтізбелік күннен аспауы керек.

      Мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейлерде стандартталмаған бақылау (сынау) әдістеріне және өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптардан тұратын стандарттар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкестікке келісуге жатады.

      8. Стандарттың әзірлеушісі стандарт жобасын қарау және келісу

      қорытындылары бойынша пікірлер жинағын дайындауды жүзеге асырады.

      Әзірлеуші қабылдаған және қабылдамаған ескертулер мен ұсыныстар стандарт жобасы бойынша пікірлер жинағына енгізіледі. Ескертулермен және ұсыныстармен келіспеген жағдайда негізі көрсетілген негіздеме жүргізіледі.

      9. Стандарттың және ТЭА жіктеуішінің жобасы сондай-ақ техникалық регламенттерді әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдармен, егер стандарт жобасына олармен үйлестірілген стандарттар мәртебесін беру жоспарланса, келісіледі.

      10. Терминология бойынша стандарттардың жобалары Қазақстан

      Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық

      комиссияға қарауға жіберіледі.

4. Стандарттарды және ТЭА жіктеуіштеріне сараптау жүргізу тәртібі

      11. Стандарттар жобаларын сараптауға мыналар кіреді:

      1) әзірленетін стандарттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу;

      2) стандарттау объектілерін метрологиялық қамтамасыз ету;

      3) қолданыстағы немесе бұрын әзірленген стандарттау жөніндегі

      нормативтік құжаттарды қайта қарау, актуалдендіру және (немесе) бірыңғайлау қажеттігін анықтау;

      4) қолданыстағы стандарттардың талаптарының қайталануын болдырмау;

      5) бәсекеге қабілеттіліктің функционалдық және бірдейлендіру

      көрсеткіштерінің болуын белгілеу;

      6) халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін белгілеу.

      12. ТЭА жіктеуіштерінің жобаларын сараптауға мыналар кіреді:

      1) жіктеу және кодтау әдістерін таңдаудың дұрыстығы;

      2) қолданыстағы өзара байланысты мемлекеттік жіктеуіштермен кешенді қолдану маңыздылығы;

      3) резервтік сыйымдылықтың болуы;

      4) жіктеуішті автоматты жүргізу мүмкіндігі.

      13. Стандарттардың және ТЭА жіктеуіштерінің жобаларын сараптауды уәкілетті органның ведомствоға қарасты ұйымы олар сараптауға түскен күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.

      Сараптау нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды беріледі.

      14. Стандарттардың және ТЭА жіктеуіштерінің жобаларының

      мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасын растауды уәкілетті органның ведомствоға қарасты ұйымы жүргізеді.

      15. Стандарттау объектісіне байланысты, мемлекеттік стандарттың және ТЭА жіктеуіштері жобасын түсіндірме жазбасымен және пікірлер жинағымен бірге уәкілетті органның ведомствоға қарасты ұйымының сарапшылық комиссиялары (кеңестері) қарайды.

      16. Пысықтағаннан кейін (қажетті жағдайларда) стандарттың және ТЭА жіктеуіштерінің жобасы уәкілетті органның стандарттау жөніндегі ұйымының Ғылыми-техникалық Кеңесінің хаттамасымен Ғылыми-техникалық комиссияның қарауына және уәкілетті органға бекітуге беріледі.

5. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін бекіту және есепке алу тәртібі

      17. Уәкілетті органға бекіту үшін мыналар жіберіледі:

      1) екі дана ортақ мұқабамен рәсімделген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерінің жобасы;

      2) бұйымның фотосуреті (қажет кезде);

      3) техникалық тапсырма (бар болса);

      4) стандарттың және ТЭА жіктеуішінің электрондық нұсқасы;

      5) түсіндірме жазба;

      6) пікірлер жинағы;

      7) стандарт жобасын келісуді және (немесе) қарауды растайтын

      құжаттардың түпнұсқасы (электрондық пошта арналарымен келісілген кезде ұйым басшысының электрондық сандық қолы қойылған ұйым бланкісінде хаттың электрондық нұсқасы беріледі);

      8) стандарт және ТЭА жіктеуіші жобасын қарау бойынша әзірлеуші

      жұмыстық топтың отырысының хаттамасы (олар өткен жағдайда);

      9) қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы (дегустациялық немесе көркемдік-техникалық кеңестің) және (немесе) өнімді сынау актілері (олар өткен жағдайда);

      10) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның қорытындысы (терминология жөніндегі стандарт жобалары бойынша);

      11) стандарт жобасы үйлестірілген ережелері бар халықаралық стандарттар.

      18. Стандарттың және ТЭА жіктеуішінің әрбір жобасына іс рәсімделеді.

      19. Уәкілетті орган ТЭА стандарттары мен жіктеуішінің жобасын

      әзірлеуден алып тастайды, сондай-ақ егер:

      1) үйлестірілген стандарттар үшін техникалық регламентте көзделген мақсаттарға қол жетпеген болса;

      2) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкессіздік табылса стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерінің жобасын әзірлеуден алып тастау себебін арнайы басылымдарда көрсете отыра ақпарат жариялайды.

      20. Уәкілетті орган мына жағдайларда:

      1) өнімнің қауіпсіздігін бақылайтын мемлекеттік органдардың,

      стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, сәйкестікті растау

      органдарының қорытындысы болмаса;

      2) редакциялық ескертпелер болса, сондай-ақ әзірлеуші негізсіз қабыл алмаған келісуші органның ескертпесі болса стандарттар мен ТЭА жобасын қайта пысықтауға қайтарады.

      21. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін уәкілетті орган бекітеді және бұйрығымен қолданысқа енгізіледі.

      22. Бекітілген стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері мынадай мәліметтер көрсетіліп Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне (бұдан әрі -Тізілім) енгізіледі:

      1) тіркелген күні мен реттік нөмірі;

      2) стандарт және ТЭА жіктеуішінің белгісі;

      3) стандарт пен ТЭА жіктеуішінің атауы;

      4) мемлекетаралық стандарттар жіктеуіші (МСЖ) бойынша тобы;

      5) стандарт және ТЭА жіктеуішін бекіту туралы бұйрық нөмірі мен күні;

      6) стандарт және ТЭА жіктеуішін енгізген тұлға атауы: жеке тұлға үшін - ТАӘ, мекен-жайы; заңды тұлға үшін - атауы, заңды мекен-жайы;

      7) стандарт және ТЭА жіктеуішіне өзгеріс және жою;

      8) енгізілетін күні;

      9) халықаралық стандарттармен үйлестірілуі.

6. Стандарттар мен ТЭА жіктеуішгеріне енгізілетін өзгерістерді әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу тәртібі

      23. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерге енгізілетін өзгерістер жекелеген талаптар ауыстырылған, толықтырылған немесе алып тасталған, олардың қолданылуы ұзартылған, шектелген немесе қайта қалпына келтірілген кезде әзірленеді.

      Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерге енгізілетін өзгерістер қолданыстағы стандарттар мен ТЭА жіктеуіштер бойынша жасалатын өніммен жаңа өнімнің өзара ауыстырушылық және үйлесімділік талаптарын бұзбайтын жаңа талаптар енгізу және халықаралық стандарттармен үйлестіру қажет болған кезде әзірленеді.

      24. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерге енгізілетін өзгерістер осы ереженің 2-5 - бөлімінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органға бекітуге беріледі.

      25. Өзгерістерді уәкілетті орган бекітеді және қолданысқа енгізеді және Тізілімге енеді.

7. Стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін қолданыстан алып тастау тәртібі

      26. Стандарттарды жою:

      1) осы стандарт бойынша өндірілетін өнімнің (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) шығарылуын тоқтату;

      2) жаңа стандартты қолданысқа енгізу;

      3) техникалық регламентті қолданысқа енгізу кезінде жүзеге асырылады.

      27. ТЭА жіктеуіштерін қолданыстан алып тастау жаңа ТЭА қолданысқа енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.

      28. Стандартты және ТЭА жіктеуішін қолданыстан алып тастау кезінде уәкілетті органға мыналар:

      1) қолданыстан алып тастау туралы ұсыныстар;

      2) оны алмастыратын құжат немесе ауыстырусыз стандартты

      қолданыстан алып тастау туралы ақпарат;

      3) стандартты және ТЭА жіктеуішін қолданыстан алып тастауға келісімді растайтын құжаттардың түпнұсқасы жіберіледі.

      29. Стандартты және ТЭА жіктеуішін қолданыстан алып тастау уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асырылады.

      30. Қолданыстан алып тасталған стандарт ісі Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорында тұрақты сақталады.

8. Стандартты және ТЭА жіктеуішін қолданысқа енгізу тәртібі

      31. Стандарт және ТЭА жіктеуіші уәкілетті органның шешімі бойынша қолданылу мерзімі шектеліп немесе шектеусіз, өндіріс технологиясы жаңарту мерзімі (жұмыстарды, қызмет көрсетуді орындау), стандарттау объектісі мерзімін ескере отырып қабылданады.

      Шектелген жағдайда стандарттың қолданылу мерзімі 5 жылдан аспауы керек. Стандарттар және ТЭА жіктеуіштері кезеңді тексеруге жатады, ол туралы "Алғысөз" құрылымдық элементінде көрсетіледі.

      32. Істі актуалдау стандарт және ТЭА жіктеуіші әрбір өзгерту, қолданылу мерзімін ұзарту, қолданылу мерзімінің шектелуін алып тастау, стандарт және ТЭА жіктеуішін қолданыстан алып тастау бойынша құжаттардың келіп түсуі шамасы бойынша жүзеге асырылады.

      33. Стандарттардың және ТЭА жіктеуіштерінің, сондай-ақ оған

      енгізілетін өзгерістердің енгізілген күні стандарттардың және ТЭА

      жіктеуіштерінің, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістердің енгізілуін қамтамасыз ететін қажетті іс-шаралардың іске асырылуын ескере отырып, оларды бекіткен күнінен бастап кем дегенде алты айдан кейін белгіленеді.

      34. Белгіленген талаптарды сақтау үшін қажетті жағдайлар болған жағдайда заңды және жеке тұлғалар стандартты және ТЭА жіктеуішін және оларға өзгерістерді олардың бекітілген және мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен ерте емес мерзімінен бұрын енгізуге құқылы.

      35. Қолданылу мерзімі уақтылы ұзартылмаған стандарттар және ТЭА жіктеуіштері күші жоқ деп танылады. Егер стандарттың қолданылу мерзімі өткен сәттен бастап алты айдан аспаса, оның қолданылу мерзімі ұзартылады.